20 Наурыз 2024, 10:51
«Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шетелдік мемлекеттерге беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қазандағы №1355 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік құпиялар мен олардың көздерін шет мемлекеттерге және (немесе) халықаралық ұйымдарға беру қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік құпиялар мен олардың көздерін шет мемлекеттерге және (немесе) халықаралық ұйымдарға беру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шетелдік мемлекеттерге беру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу