Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы №44 қаулысы

Жамбыл облысы Тараз қаласының

бас жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысы Тараз қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған, Жамбыл облысы мен Тараз қаласының мәслихаттары мақұлдаған Жамбыл облысы Тараз қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.

2. «Жамбыл облысы Тараз қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 104 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Қазақстан Республикасының

                   Премьер-Министрі                                                            Ә. Смайылов

 

 

Бас жоспар

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу