Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 02 маусымдағы №342 Қаулысы

Опубликовано: Жұма, 05 Маусым 2020

«Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж. № 29, 388-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болуының рұқсат етілген мерзімі:

Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушілер үшін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң;

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің азаматтары үшін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;

Қазақстан Республикасына кіруге арналған визаның негізінде келген көшіп келушілер үшін – визаның мерзімі өткен соң;

болудың өзге мерзімдерін айқындайтын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бар мемлекеттердің азаматтары үшін – осы шарттарда көрсетілген мерзімдер өткен соң;

уақытша тұруға рұқсат ресімдеген көшіп келушілер үшін – осы рұқсаттың қолданылу мерзімі өткен соң;

Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзуға бұрын жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған көшіп келушілер үшін – әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарғаннан кейін он бес күн өткен соң;

қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған көшіп келушілер үшін – оларды сот шешімінің негізінде елден шығару жағдайларын қоспағанда, жазасын өтегеннен немесе жазадан босатылғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң;

Қазақстан Республикасында тұрақты тұрған және шет елге тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан шығуға құжаттар ресімдеген көшіп келушілер үшін – құжаттар ресімделгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде;

қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс деп танылатын іс-әрекеттер жасалғаны туралы хабарлаған көшіп келушілер үшін – Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес арыз қаралғаннан кейін күнтізбелік отыз күні ішінде;

Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға шартты түрде сотталған, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған көшіп келушілер үшін – тағайындалған жазаның мерзімі не жазаның өтелмеген бөлігі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткеннен соң аяқталады;

қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен осындай қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер немесе куәгерлер деп танылған көшіп келушілер үшін – болу мерзімі қылмыстық істі тергеу үшін қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын кезеңге ұзартылады;

айрықша жағдайларда (әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және дүлей апаттың немесе ірі ауқымды аварияның (апаттың) нақты қауіп төндіруіне байланысты төтенше жағдай енгізілген кезде, сондай-ақ көліктің жұмыс кестесі бұзылған кезде) – болу мерзімі шығуды ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.

Осы тармақтың 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-абзацтарында көрсетілген көшіп келушілерге ішкі істер органдары осы Қазақстан Республикасында болудың рұқсат етілген мерзімі туралы қағидаларға қосымшаға сәйкес хабарлама береді, көшіп келуші ол өткенге дейін Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.

Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтарда тұратын немесе жұмыс істейтін көшіп келушілерді есепке алу жалға алынған аумақтан тыс жерлерге шыққан кезде жеке басты және жалға алынған аумақта тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін куәландыратын құжаттардың негізінде көші-қон қызметінің ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – КҚП АЖ) жүргізіледі.»;

9, 10, 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көшіп келушілерді есепке алуды ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен түсетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты негізінде жүзеге асырады.

Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

Көшіп келушілерді есепке алу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.

10. Уақытша тұруға рұқсат:

1) отбасын біріктіру мақсатында өздеріне көшіп келушілер келген жеке тұлғалардың;

2) көшіп келушімен заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалардың;

3) көшіп келушілерді күндізгі оқу бөліміне қабылдаған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, оның ішінде білім алушылармен алмасудың және дайындық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша іске асыратын білім беру ұйымдарының;

4) көшіп келушілер стационарлық емделуде жатқан денсаулық сақтау ұйымдарының;

5) көшіп келушілер заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни ұйымдардың;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер (бизнес-көшіп келушілер) бойынша – жергілікті атқарушы органдардың өтініштері негізінде ресімделеді.

Уақытша тұруға рұқсат көшіп келушінің ұлттық паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге ресімделеді.

Уақытша тұруға рұқсат «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) тиісті ақпарат енгізіліп, көшіп келушінің уақытша тұруына рұқсат беру арқылы ресімделеді.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты, еңбекші көшіп келушіге рұқсаты бар көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат осы рұқсаттың қолданылу мерзіміне ресімделеді.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген рұқсаттарды алу талап етілмейтін көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.

Қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі – АХҚО) жүзеге асыру мақсатында визасыз келу және болу тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар елдерден Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.

Кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар мемлекеттерден келген АХҚО инвестициялық резиденттерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты бойынша жыл сайын, бірақ бес жылдан асырмай ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді. Бұл ретте инвестициялық резиденттің отбасы мүшелерінің уақытша тұруға рұқсатының қолданылу мерзімі инвестициялық резиденттің уақытша тұруға рұқсатының қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.

Білім алу, кәсіптік даярлық және (немесе) тағылымдамадан өту мақсатында келген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат бір жылға ресімделеді, бірақ оқу, оқу практикасының немесе тағылымдаманың мерзімінен аспауы тиіс.

Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат шақырушы тұлғалардың өтінішхаты бойынша «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерге ресімделеді.

Медициналық мекемелерде стационарлық ем алып жатқан көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат денсаулық сақтау ұйымының өтінішхаты (медициналық анықтамасы) бойынша емделу үшін қажетті кезеңге ресімделеді.

Пана іздеген адамдарды және босқындарды есепке алу Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.

Қазақстан Республикасымен келу мен болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жергілікті атқарушы органның өтінішхаты бойынша жыл сайын, бірақ үш жылдан асырмай ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді.

Заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат Қазақстан Республикасында тіркелген діни ұйымдардың өтінішхаттары бойынша өтінішхатта көрсетілген, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ресімделеді.

Мына:

Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының визасымен келген;

дипломатиялық немесе қызметтік паспорты бар;

16 жасқа толмаған көшіп келушілер уақытша тұруға рұқсат алудан босатылады.

Көшіп келуші Қазақстан Республикасында уақытша тұратын жерін ауыстырған кезде қабылдаушы тұлға үш жұмыс күні ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына хабарлайды.

11. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат үшін ішкі істер органдарына жүгінген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат өтінішхатты қарау үшін қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын кезеңге ресімделеді.»;

12-тармақ алып тасталсын;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспаса, Аустралия Одағының, Америка Құрама Штаттарының, Аустрия Республикасының, Бахрейн Корольдігінің, Бельгия Корольдігінің, Болгария Республикасының, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Ватикан Қасиетті Тағының, Вьетнам Социалистік Республикасының, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Израиль Мемлекетінің, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Испания Корольдігінің, Индонезия Республикасының, Италия Республикасының, Канаданың, Қатар Мемлекетінің, Кипр Республикасының, Колумбия Республикасының, Корея Республикасының, Кувейт Мемлекетінің, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Лихтенштейн Князьдігінің, Люксембург Ұлы Герцогтігінің, Мажарстанның, Малайзияның, Мальта Республикасының, Мексика Құрама Штаттарының, Монако Князьдігінің, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Оман Сұлтандығының, Польша Республикасының, Португалия Республикасының, Румынияның, Сауд Арабиясы Корольдігінің, Сингапур Республикасының, Словак Республикасының, Словения Республикасының, Таиланд Корольдігінің, Түркия Республикасының, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Филиппиндер Республикасының, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының, Хорватия Республикасының, Чех Республикасының, Чили Республикасының, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің және Эстония Республикасының азаматтары күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн визасыз Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктер Қазақстан Республикасында визасыз және уақытша тұруға рұқсатсыз болады.»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған не көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында одан әрі болуының негіздері болмаған жағдайларда, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзімі қысқартылады.

Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзған көшіп келушілер, яғни тұру құқығына құжаттарсыз тұрып жатқан немесе жарамсыз құжаттар бойынша тұрып жатқан, өздеріне белгіленген болу мерзімі өткеннен кейін шығудан жалтарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол жүру қағидаларын сақтамайтын көшіп келушілер Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңдарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға жатады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде ескерту, айыппұл түріндегі жазаға әкеп соғатын көші-қон заңнамасын бұзу анықталған және шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам құқық бұзушылық фактісін мойындаған жағдайларда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам елден ішкі істер органдары не Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шығарған процестік шешім негізінде елден тыс жерге шығады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларында:

4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Ішкі істер органдары Көшіп келушілерді есепке алуды көшіп келуші уақытша тұратын жерде, оның ішінде «Бүркіт» БАЖ-дан, «Бүркіт» БАЖ визалық-көші-қон порталынан (www.vmp.gov.kz) және ҚР ІІМ ақпараттық жүйесінен мәліметтер алу арқылы жүргізеді.

Қазақстан Республикасының визасымен кіретін шетелдіктер Мемлекеттік шекараны кесіп өткенде шақыруды ресімдеген кезде шақырушы тарап көрсеткен мекенжай бойынша «Бүркіт» БАЖ арқылы автоматты түрде есепке алынады.

Көшіп келушіні қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар «Бүркіт» БАЖ визалық-көші-қон порталына ақпаратты www.vmp.gov.kz немесе egov.kz
веб-сайттары арқылы дербес цифрлық электрондық қолтаңба арқылы енгізеді
не хабарламаларды көші-қон қызметі бөлінісіне тікелей ұсынады немесе пошта арқылы жолдайды.

5. Көші-қон бақылауын жүзеге асыру барысында ішкі істер органдарының қызметкерлері:

1) шетелдікте ұлттық паспортының, визасының не уақытша тұруға рұқсатының болуын, ал Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда – тұруға ықтиярхаттарының, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуын;

2) шетелдіктердің шетелге уақтылы кетуін немесе Қазақстан Республикасында болу мерзімін ұзартуын;

3) шетелдіктердің еркін жүруіне жабық жерлерде болуға рұқсатының болуын тексереді.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындау Қазақстан Республикасынан шығарылатын адамның «Бүркіт» БАЖ пайдаланылатын бақылаумен өз бетінше шығуы арқылы жүргізіледі.

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды мәжбүрлі түрде шығарып жіберу шығарып жіберу туралы акт жасала отырып, сот шешімі бойынша біржақты тәртіппен не көрсетілген адам аумағына шығарылатын шет мемлекеттің билік өкіліне беру арқылы жүзеге асырылады.

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу соттың шығарып жіберу туралы қаулысының (үкімінің) негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасынан шығарылатын адамдар үшін соттың шығарып жіберу туралы қаулысы визаны алмастыратын құжат және уақытша тұруға рұқсат болып табылады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                    А. Мамин

 


Жаңалықтар тізбегі
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
25 Шілде 2020, 13:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70
24 Шілде 2020, 18:45
Е. Тоғжанов Маңғыстау облысында: медицина қызметкерлерімен кездесу және «СҚ-Фармация» қоймаларын тексеру
23 Шілде 2020, 19:07
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Шілде 2020, 13:03
Кадрлар даярлау, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылда шағын несиелендіруді арттыру — Қазақстанда «Еңбек» бағдарламасы қалай іске асырылуда
23 Шілде 2020, 09:07
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлерде бақылауды күшейтуде
22 Шілде 2020, 18:42
Заңсыз қоқыстарды жою, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлу және табиғатты қорғау — ЭГТРМ Президент тапсырмасының орындалуы туралы есеп берді
22 Шілде 2020, 15:48
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
21 Шілде 2020, 22:49
ҚР-да COVID-19-ға қатысты жағдай тұрақталды: күн сайын ауруды жұқтырғандар азайды, емделіп шыққандардың саны артты
21 Шілде 2020, 22:03
Жамбыл облысында 1200 жаңа жұмыс орнын ашумен Қазақстан-Ресей зауыты салынады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.