Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 02 шілдедегі №756  Қаулысы

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы

 

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасы белгіленсiн.

2. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы   № 1310 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48,  620-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу