Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 02 шілдедегі № 402 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну  және алдын ала бағалау ережесiн және «Қазақстанның үздiк тауары» өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі  № 1167 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34,  329-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы  Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік  және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                Б. Сағынтаев

ҚР Үкіметінің 2018жылғы 02 шілдедегі № 402 қаулысына қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу