Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «02» қарашадағы № 652 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 және «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы № 852 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы                       6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

         көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

         16-тармақта:

         32) тармақша алып тасталсын;

         46) тармақша алып тасталсын;

         53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

         «53) астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;»

         57) тармақша алып тасталсын;

         59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

         «59) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

         мынадай мазмұндағы 59-1) тармақшамен толықтырылсын:

         «59-1) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректер берудің нысандарын, көлемін және кезеңділігін әзірлейді және бекітеді;»;

         72), 75), 111) және 123) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 223-1) және 223-2) тармақшалармен толықтырылсын:

         «223-1) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;

223-2) экономиканың жекелеген салалары үшін су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормаларын әзірлейді және бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 224-1) және 224-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«224-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жерүсті су объектілері жай-күйінің нысаналы көрсеткіштері мен оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

224-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды жүргізу үшін техникамен және жабдықпен материалдық-техникалық жарақтандырудың заттай нормаларын, пайдалану шығындары үшін материалдардың жұмсалу нормаларын, химиялық реактивтер мен зертхана ыдыстарының, далалық жарақтардың және арнайы киімдердің тиесілілік нормаларын, гидрогеологиямелиоративтік қызмет жұмыскерлерінің уақыт пен жұмыс жүктемесі нормаларын әзірлейді және бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 358-1) және 358-2) тармақшалармен толықтырылсын:

         «358-1) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу өлшемдерін айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекітеді;

         358-2) Қазақстан Республикасында суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мелиорациялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін мемлекеттік жүргізу қағидалары мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;

17-тармақта:

220) тармақша алып тасталсын;

         мынадай мазмұндағы 392-1), 392-2), 392-3), 392-4) және                               392-5) тармақшалармен толықтырылсын:

         «392-1) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

         392-2) фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдiстемелiк нұсқауларды әзірлейді және бекітеді;

         392-3) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келіседі;

         392-4) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарын әзірлейді және бекітеді;

         392-5) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды әзірлейді және бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 412-1), 412-2) және 412-3) тармақшалармен толықтырылсын:

         «412-1) су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесінәзірлейді және бекітеді;

412-2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жерүсті су объектілері үшін су сапасының стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

412-3) тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;»;

2) «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің                   2015 жылғы 28 қазандағы № 852 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 55-56, 440-құжат):

         тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиарды айқындау туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып айқындалсын.».

2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін                 1-тармақтың 1) тармақшасының бесінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының    Премьер-Министрі                Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу