Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «02» желтоқсандағы № 757 қаулысы

Опубликовано: Жұма, 02 Желтоқсан 2016

«Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 93-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларында:

2-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) азаматтарды тіркеу кітабы – азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін немесе тіркеуден шығарылуын растайтын құжат. Азаматтарды тіркеу кітабын ресімдеу және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі белгілейді;»;

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) мекенжай анықтамасы – жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша тіркелуін немесе тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылуын растайтын құжат.»;

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Ішкі көшіп-қонушыларды тұрғылықты жері не уақытша тұратын жері бойынша тіркеуді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері:

Қазақстан Республикасының азаматтарын – жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы;

халықтың көші-қоны саласындағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды – шетелдіктің тұруға ықтиярхаты не азаматтығы жоқ адамның куәлігі негізінде аумақтық көші-қон полициясы бөлімшелері арқылы жүзеге асырады.

Ішкі көшіп-қонушыны тіркеу орны оның заңды мекенжайы болып табылады.

4. Ішкі көшіп-қонушының тұрғылықты жерiн тiркеу олардың белгіленген тәртіппен тұрғын үйді жеке меншікке сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, оның iшiнде жалға алу (жалдау) мен қосымша жалға алу шарты бойынша алғанын растайтын, сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін құжаттардың негiзiнде жүзеге асырылады.

Ішкі көшіп-қонушыларды тiркеу тұрғын үйлерде, пәтерлерде, саяжай құрылыстарында, бау-бақша серiктестiктерiнде, кооперативтерде, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерiнде, интернат-үйлерiнде, пансионаттарда, қарттар үйлерiнде, қызметтік ғимараттар мен үй-жайларда жүзеге асырылады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Босқындарды қоспағанда, республикадан тыс жерлерден келген, тіркелуге жататын ішкі көшіп-қонушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары жаңа тұрғылықты жеріне келген күннен бастап күнтізбелік 10 күннен асырмай, уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат (16 жасқа дейінгі балалар – туу туралы куәлік);

2) салыстырып тексеру үшін тұрғын үйдің меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаты және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тұрақты не уақытша тіркеуге оның жазбаша келісімі (қызметтік ғимараттар мен үй-жайларда тіркелген кезде – жұмыс орны бойынша тіркелуі туралы ұйым (мекеме) әкімшілігінің қолдаухаты).

Тұрғын үй иесін тіркеу кезінде жазбаша келісім талап етілмейді;

3) тіркеуге құқығын растау үшін меншік иесінің белгiленген тәртiппен тұрғын үйді жеке меншігіне сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға алғанын, оның iшiнде жалға алу (жалдау), қосымша жалға алу шарты бойынша алғанын куәландыратын, сондай-ақ «Мекенжай тізілімі» ақпараттық жүйесінде өндірілген тіркеу мекенжай коды (бұдан әрі – ТМК) болмаған кезде оған «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделгеннегiздер бойынша тұрғын үйге қоныстануға құқық беретiн құжат.

Белгіленген тәртіппен меншігіне тұрғын үй сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға алғаны туралы куәландыратын, сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін құжаттар туралы мәліметті уәкілетті орган «Мекенжай тізілімі» және «Жылжымайтын мүлік тізілімі» ақпараттық жүйелерінен уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады;

4) тіркелгені үшін мемлекеттік баждың (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды ұсынады) төленгені туралы түбіртек.

Республикадан тыс жерлерден келген Қазақстан Республикасының азаматтары паспортын, бұрын тұрған елінен есептен шыққанын растайтын құжатты не бұрын тұрған елінің құзыретті органы берген азаматтығының жоқ екені туралы анықтама ұсынады.»;

9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Мынадай ішкі көшіп-қонушылар тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылуға тиіс:

1) республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткендер;

2) сот шешiмiмен тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп танылғандар;

3) тiркеуден шығарылатын адамның қатысуынсыз және оның жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрғын үй иесiнiң өтініші бойынша;

4) қайтыс болған адамдар.

10. Тiркелген және тiркеуден шығарылған ішкі көшіп-қонушыларды есепке алуды Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлеген тәртiппен ішкi iстер органдары жүзеге асырады.

Ішкі көшіп-қонушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» және «Шетелдіктерді құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйелеріне мәліметтер енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Ішкі көшіп-қонушыларды жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеу кезінде ақпараттық жүйеде бұрынғы тұрғылықты жері бойынша тіркеуден алу бір уақытта жүзеге асырылады.

Қайтыс болуына байланысты иелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарын жарамсыздар санатына көшірген не азаматтық хал актiлерiн тіркеу органдарынан ақпарат келіп түскен күн көрсетілген ақпараттық жүйелерде қайтыс болғандарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару күні болып табылады.

Ішкі көшіп-қонушылардың тіркелген жерін растайтын құжат мекенжай анықтамасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекаралас аумағының тұрғындары Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өткен жағдайда ішкі көшіп-қонушының тіркеу мекенжайын растайтын құжат                 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге 3-қосымшаға сәйкес азаматтарды тіркеу кітабы болып табылады.

Азаматтардың тіркеу кітабын оған тіркеу туралы мөртаңба қоя отырып уәкілетті орган береді, беру алдында паспорттық елтаңбалы мөрмен және ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкерінің қолымен куәландырады.»;

13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Үш айдан астам мерзiмге уақытша тұруға келген ішкі көшіп-қонушыларды iшкi iстер органдары бұрынғы тіркелген жерінен есептен шығармай, бір жылға дейінгі мерзімге уақытша тұратын жерi бойынша есепке алады. Қызметтік міндеттерін орындау тұрақты тұратын жерінен тыс (растайтын құжат болған жағдайда) ұзақ тұрумен (бір жылдан астам) байланысты адамдар бұрынғы тіркелген жерінен шығарылмай міндеттерін орындау үшін қажетті бүкіл мерзімге есепке алынады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің Қарулы күштерінің әскери қызметшілерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу әскери қызметшілердің паспорттары және жеке куәліктері бойынша жүзеге асырылады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                 Б. Сағынтаев


Жаңалықтар тізбегі
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
25 Шілде 2020, 13:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70
24 Шілде 2020, 18:45
Е. Тоғжанов Маңғыстау облысында: медицина қызметкерлерімен кездесу және «СҚ-Фармация» қоймаларын тексеру
23 Шілде 2020, 19:07
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Шілде 2020, 13:03
Кадрлар даярлау, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылда шағын несиелендіруді арттыру — Қазақстанда «Еңбек» бағдарламасы қалай іске асырылуда
23 Шілде 2020, 09:07
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлерде бақылауды күшейтуде
22 Шілде 2020, 18:42
Заңсыз қоқыстарды жою, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлу және табиғатты қорғау — ЭГТРМ Президент тапсырмасының орындалуы туралы есеп берді
22 Шілде 2020, 15:48
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
21 Шілде 2020, 22:49
ҚР-да COVID-19-ға қатысты жағдай тұрақталды: күн сайын ауруды жұқтырғандар азайды, емделіп шыққандардың саны артты
21 Шілде 2020, 22:03
Жамбыл облысында 1200 жаңа жұмыс орнын ашумен Қазақстан-Ресей зауыты салынады
21 Шілде 2020, 15:29
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.07.2020
21 Шілде 2020, 14:09
Өңірлер жобаларды субсидияланған статусына дейін сүймелдеу бойынша қарқынды жұмыс жүргізуі тиіс — «Атамекен» ҰКП
21 Шілде 2020, 12:19
Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру көлемі 3,3 есе ұлғайды — ҚР ИИДМ
21 Шілде 2020, 11:05
«Қарапайым заттар экономикасы» аясында жарты трлн теңгеге 2 мыңнан аса жоба мақұлданды
21 Шілде 2020, 11:04
Екі апта ішінде жедел жәрдемді шақырулар саны 23%-ға азайған — ҚР ДСМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.