Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 04 ақпандағы №62 Қаулысы

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың  2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 – 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары   (IІ кезең) (бұдан әрi – Iс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары (келісім бойынша) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi                                 2014 – 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.

3. Жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, компаниялар мен ұйымдар (келiсiм бойынша):

1) Iс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен белгіленген мерзімде және тәртіппен Iс-шаралар жоспарының iске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне жүктелсiн.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi                                                              С. Ахметов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу