Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 04 сәуірдегі №320 Қаулысы

Еңбек ету қабiлетiнен айырылған және асыраушысынан айрылған жағдайларда Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн арттыру туралы

 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2014 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған әлеуметтік төлемдерді алушы болып табылатын адамдарға еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2014 жылғы 1 сәуірден бастап алатын әлеуметтік төлемдер мөлшерінің 4,59 пайызына арттыру жүргізілсін.

2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                                           К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу