Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы

Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық тіркеу жүргізудің кейбір мәселелері туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 қаулысымен бекітілген Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату ережесінің 3-тармағы 1-бөлігінің қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«3. Босқын мәртебесін беру туралы шешімді уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияның ұсынуы бойынша босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап үш ай ішінде қабылдайды.».

  1. «Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысының мынадай ережелерінің қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгісінде:

«2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын қорғауға қойылатын талаптар» деген бөлімде:

1-тармақтың екінші бөлігі, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде Қазақстан Республикасының азаматы паспортының иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат сақталады.»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің үлгісінде:

«2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін қорғауға қойылатын талаптар» деген бөлімде:

1-тармақтың екінші бөлігі, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің иесі туралы графикалық және мәтіндік, оның ішінде оның заңды мекенжайы туралы ақпарат, оның фотобейнесі және қолы сақталады.»;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың үлгісінде:

«2. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты қорғауға қойылатын талаптар» деген бөлімде:

1-тармақтың екінші бөлігі, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың иесі туралы графикалық және мәтіндік, оның ішінде оның заңды мекенжайы туралы ақпарат, оның фотобейнесі және қолы сақталады.»;

4) көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің үлгісінде:

«2. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін қорғауға қойылатын талаптар» деген бөлімде:

1-тармақтың екінші бөлігі, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде азаматтығы жоқ адамның куәлігінің иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат сақталады.»;

5) көрсетілген қаулымен бекітілген босқын куәлігінің үлгісінде:

8-тармақ, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«8. Босқын куәлігінің 9-11-беттері ерекше белгілерді енгізуге арналған. Беттердің жоғары жағында қазақ және орыс тілдерінде (№ 21 сурет):

«Ерекше белгілер

Особые отметки»

деген жазу орналасқан.».

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларының 3-тармағы 11) тармақшасының және 5-тармағы бесінші бөлігінің қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысымен бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларының дактилоскопиялық тіркеуді жүргізу бөлігінде 2 және 4-тарауларының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі     А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу