Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 04 желтоқсандағы №902 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының мұқтаждары үшін жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желілерін, біртұтас телекоммуникациялар желілерінің ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 164 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының мұқтаждары
үшін жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желілерін, біртұтас телекоммуникациялар желілерінің ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы
31 қаңтардағы № 164 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2001 ж., № 4-5, 53-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, біртұтас телекоммуникация желілерінің ресурстарын Қазақстан Республикасы
мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының қажеттері үшін әзірлеу мен пайдалану қағидаларын бекіту
туралы;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                                А. Мамин

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу