Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 05 наурыздағы №198 Қаулысы

Опубликовано: Сәрсенбі, 05 Наурыз 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 және «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінемынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  2. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж.,
    № 12, 86-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

195-тармақтың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) шарт жасаспай не жасасқан шарттың аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнде тiркелуiн талап етпейтiн БСК шығыстары бойынша шарт жасай отырып сатып алған жағдайда, ақша алушы ҚБАЖ-да болмаған кезде, мемлекеттiк мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамалығына енгiзуге арналған өтiнiмдi қағаз жеткізгіште немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде осы Ережеге 6062-қосымшаларға сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған сканерленген бейнесін тіркей отырып) ақша алушының мынадай құжаттарын (жекешелендіру объектілерін сату бойынша аукцион қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтару жағдайларынан басқа):»;

2) «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы
№ 920 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51,
706-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасында:

1-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ағымдағы баға – жекешелендіру объектісінің аукциондағы
сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) аукцион – тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;»;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) аукцион нөмірі – қатысушыға электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде  аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;»;

5), 24), 25) тармақшалар алынып тасталсын;

8-тармақта:

15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«15) ұйымдастырушы тартылған жағдайда онымен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге шарт жасасу;»;

16-1) тармақша алынып тасталсын;

18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«18) қатысушылармен, сатып алушылармен, ұйымдастырушымен
сауда-саттық өткізу рәсімдеріне байланысты есептесулерді жүзеге асыру;»;

12-тармақтың 11) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«11) сауда-саттыққа қатысушылардың құжаттарын қарайды және оларды сауда-саттыққа (аукционды қоспағанда) жібереді;

12) сауда-саттық (аукционды қоспағанда) жеңімпазын жариялайды.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Сауда-саттықты өткізуге дайындықты сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаның уақтылы жариялануын қамтамасыз ететін, өтiнiмдерді қабылдауды және қатысушыларды тiркеудi жүргiзетiн, тендердің және екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурстың келіп түскен материалдарын комиссияның қарауына беретін сатушы жүзеге асырады.»;

14-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) қажет болған кезде ұйымдастырушы тартылады;»;

20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Әрбiр жекешелендіру объектiсі бойынша сату туралы хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы тізілімге мынадай құжаттардың:

1) жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің;

2) жекешелендіру объектісі фотосуретінің (тек жылжымайтын мүлік, көлік, жабдық және басқа да материалдық мүлік үшін) электрондық көшiрмелерінің енгізілуін қамтамасыз етеді.

Жекешелендіру объектiсін сату туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн сатушы тізілім веб-порталы арқылы ниет бiлдiрушiлердің барлығының жекешелендiру объектiсi туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

21. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион, тендер және/немесе екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.»;

22-тармақта:

бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды:»;

2) тармақша мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

«Банктен банктік (ағымдағы) шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасы қайтарылмайды.»;

23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың өтінімдерін қабылдау және оларды тiркеу талап етілетін құжаттардың толық жинағы болған кезде жүргізіледі.»;

23-1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«23-1. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілім
веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:»;

23-2 және 23-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«23-2. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-сы қойылған аукционға қатысуға өтінімді осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

23-3. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың,
сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.»;

24-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қатысушы ретінде тіркелу үшін осы Қағиданың 22-тармағында тізбеленгендерден басқа, қосымша құжаттар ұсынуды талап етуге жол берілмейді.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Журналда тіркелгеннен кейін қатысушылардың құжаттары сейфте сақталады, тендер немесе екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс өткiзiлетiн күні қатысушылардың құжаттары комиссияға қарау және тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа жіберу үшін берiледi.»;

26-тармақ алынып тасталсын;

26-1 және 26-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«26-1. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілім
веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі.

Қатысушының осы Қағиданың 23-1 және 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ Сатушының шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болған жағдайда, тізілім веб-порталында өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталында қатысушының өтінімі кері қайтарылады.

Автоматты түрдегі тексеру нәтижелері бойынша тізілім веб-порталында қатысушының өтінімінде көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарлама не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

26-2. Сатушы аукционға қатысудан жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бас тартқан қатысушының аукцион нөмірін оны өткізгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.»;

4-бөлім алынып тасталсын;

4-1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«4-1. Аукционды өткізу

«36-1. Сауда-саттықтың ағылшындық әдiсiн қолдана отырып, аукционды өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең болады.

Сауда-саттықтың голландтық әдiсiн қолдана отырып, аукционды өткiзу кезiнде бастапқы баға алғашқы бағаны өсу коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады. Бұл коэффициенттi сатушы белгiлейдi, бiрақ 5-тен кем болуы мүмкін емес. Аукционды өткізу кезінде жекешелендiру объектiсiнiң алғашқы, бастапқы және ең төменгi бағасын сатушы белгілейді.

36-2. Қатысушыларға кепiлдiк жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілдік жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін осы кепілдік жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді.

36-3. Жекешелендiру объектiсi бірінші рет аукционға сауда-саттықтың ағылшындық әдiсiн қолдана отырып шығарылады. Екiншi және одан кейiнгi аукциондарда сауда-саттықтың әдiсiн комиссия белгілейді.

Сауда-саттықтың ағылшын әдісін қолдана отырып, жекешелендіру объектісін екінші және кейінгі сауда-саттыққа қою кезінде объектінің бастапқы бағасы сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізілген алдыңғы аукционның бастапқы бағасының 50 пайызынан асырмай төмендету жолымен белгіленеді. Сауда-саттықтың голландтық әдісін қолдана отырып жекешелендіру объектісін сауда-саттыққа қою кезінде бастапқы ең төменгі баға алғашқы бағаның
50 пайызынан асырмай төмендету жолымен белгіленеді. Голландтық әдіс бойынша кейінгі әрбір аукцион кезінде олар бойынша Комиссияға ең төменгі баға бойынша шектеулерді жою туралы шешім қабылдауға жол берілетін голландтық әдісті қолдана отырып өткізілген үшінші және кейінгі аукциондарды қоспағанда, ең төменгі баға алдыңғы аукционның ең төменгі бағасының 50 пайызынан асырмай төмендету жолымен белгіленеді.

36-4. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

Аукцион залында аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі - жұма аралығында өтеді. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат                 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.

Егер сауда-саттықтың ағылшын әдісін қолдана отырып өткізілген аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда жекешелендіру объектісін сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Егер сауда-саттықтың голландтық тәсілін қолдана отырып жүргізілген аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де  аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады.

36-5. Егер аукцион басталған сәтте жекешелендіру объектісі бойынша аукцион залында екі қатысушыдан аз тіркелсе және болса (жалғыз қатысушыға жекешелендіру объектісін сатуға жол берілетін аукцион бойынша үшінші және келесі сауда-саттықтарды қоспағанда), осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады.

36-6. Бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:

1) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгiленедi;

2) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгеннен бастап 500 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;

3) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген мөлшерінде және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы 1 пайыз мөлшерінде белгiленедi.

Аукцион төменде көрсетілген екі әдістің біреуі бойынша жүргізіледі.

36-7. Сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша аукцион:

1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша  аукцион өткізілген болып танылады.

Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.

36-8. Сауда-саттықтың голландтық әдісі бойынша аукцион:

1) егер аукцион басталған сәттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;

2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың
бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.

Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голландтық әдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады.

Осы Қағиданың 36-4-тармағының төртінші бөлігінде, 36-5-тармағында, 36-7-тармағының 1) тармақшасында және 36-8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда сатушы тізілімнің веб-порталынан басып шығарылатын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды.

36-9. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электронды хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде тізілімнің веб-порталында қол қояды.

36-10. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

36-11. Егер жеңімпаз аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағиданың 36-9 және 36-10-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы тізілім
веб-порталынан басып шығарылатын аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі сауда-саттыққа тағы да шығарылады.

36-12. Тізілім веб-порталының қызмет етуін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) қамтамасыз етеді.

36-13. Аукцион барысында аукционға қатысуға кедергі болатын техникалық ақаулықтар туындаған кезде қатысушы:

1) тізілім веб-порталымен орнықты байланыс жоғалған кезден бастап
30 секунд ішінде аукционға қатысушының мониторында бірыңғай оператордың байланыс деректері бар электрондық хабарламаны шығару жолымен хабардар етеді;

2) бұл туралы бірыңғай оператордың байланыс деректері бойынша телефон немесе электрондық хабарлама арқылы дереу хабардар етеді.

36-14. Бірыңғай оператор техникалық ақаулықтардың болуы фактісін тіркейді және олар тізілім веб-порталы жағында болған кезде ақпаратты тізілім веб-порталында орналастыру жолымен аукционға қатысушылардың барлығын хабардар етеді.

36-15. Қатысушының компьютерлік және/немесе телекоммуникация жабдығының техникалық ақаулықтар болғанда аукцион жалғаса береді.

36-16. Аукционды жүргізуге немесе аукционды жүргізу рәсіміне кедергі болатын осы Қағиданың 36-14-тармағында көрсетілген тізілім веб-порталының техникалық ақаулықтар фактісі болған жағдайда, бірыңғай оператор бұл туралы сатушыға жазбаша түрде хабарлайды, ал сатушы осы аукционның жалғастырылатын күні мен уақыты туралы ақпаратты тізілім веб-порталында орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы аукционға қатысқан қатысушыларды алдын ала міндетті түрде хабардар ете отырып, аукционды бірыңғай оператор техникалық ақаулықты жойған күннен кейін келесі үш жұмыс күнінің біреуіне ауыстырады.»;

43-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер коммерциялық тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғарғы бағаға ие болса және тендер шарттарын қанағаттандырса, онда осы қатысушылардың арасында коммерциялық тендердің жеңімпазы болып өтінімі ұсынысы бірдей ең жоғарғы бағаға ие болған және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушылардың басқа өтінімдерінен бұрын қабылданған қатысушы танылады.»;

44-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер инвестициялық тендерде екi және одан көп қатысушының инвестициялық бағдарламалары инвестициялар және басқа да факторлар бойынша ұсыныстары бірдей болса және тендер шарттарын қанағаттандырса, онда өтінімі қатысушылардың басқа өтінімдерінен бұрын қабылданған, инвестициялық жобалары инвестициялар мен басқа да факторлар бойынша бірдей ұсынысты қамтитын және тендер талаптарын қанағаттандыратын қатысушы инвестициялық тендердің жеңімпазы болып танылады.»;

63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«63. Ұйымдастырушының және/немесе бірыңғай оператордың қызметтеріне ақы төлеу сатушының жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындауға және өткізуге жұмсалатын шығыстарына қосылады.»;

мынадай мазмұндағы 11-бөліммен толықтырылсын:

«11. Тiкелей атаулы сату

72. Сатып алу құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе сенiмгерлікпен басқаруға тиiсiнше жалдаушыға (жалға алушыға) немесе сенiмгерлікпен басқарушыға берiлген объектiлер тiкелей атаулы сатуға жатады.

Жекешелендіру объектілерін жалдаушыларға (жалға алушыларға) және сенімгерлікпен басқарушыларға сатуға олар тиісті шартты тиісінше орындаған жағдайда ғана жол беріледі.

73. Егер жекешелендiру объектiсiн сату шарттары мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартында немесе сенiмгерлік басқаруға беру туралы шартта көзделмеген болса, олар тараптардың келiсiмiмен айқындалады.

74. ОБЪЕКТІНІ САТУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАҒА СӘЙКЕС СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУ НЕ МҮЛIКТIК ЖАЛДАУ (ЖАЛҒА АЛУ) ШАРТЫН ЖАСАУ СӘТІНДЕ АЙҚЫНДАЛАТЫН НАРЫҚТЫҚ ҚҰНЫ БОЙЫНША САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫН ЖАСАУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.

Мүлiктiк жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару мерзімі ішінде нарықтық құн инфляция деңгейіне сәйкес индекстеуге жатады және сатып алу-сату шарты жасалған күннен кейін үш жылдан аспайтын мерзімге бөліп-бөліп төлей отырып төленуі мүмкін. Жекешелендіру объектісін бөліп-бөліп төлей отырып, нарықтық құны бойынша сатып алу мүмкіндігі сатып алу құқығымен мүлiктiк жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендердің шарттарына енгізіледі. Нарықтық бағаны бөліп-бөліп төлеудің мерзімі мен тәртібі сатып алу-сату шартында ескертіледі.»;

көрсетілген Қағидаға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                С. Ахметов


Жаңалықтар тізбегі
31 Наурыз 2020, 21:40
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
30 Наурыз 2020, 16:55
Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді
30 Наурыз 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №54
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №154 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысы
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
24 Наурыз 2020, 14:34
«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды
23 Наурыз 2020, 13:36
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі
22 Наурыз 2020, 13:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №53
21 Наурыз 2020, 16:09
Қ. Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстарын үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі Шұғыл әрекет ету орталығына барды
21 Наурыз 2020, 14:50
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
21 Наурыз 2020, 12:34
Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:06
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:01
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 08:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
21 Наурыз 2020, 08:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысы
20 Наурыз 2020, 17:52
А. Мамин әкімдерге ірі кәсіпорындармен және ШОБ-пен бірлесіп жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды
20 Наурыз 2020, 12:00
Карантин енгізу қазақстандықтарды барлық қажетті өнімдермен қамтамасыз етуді шектемейді — Е. Тоғжанов
20 Наурыз 2020, 11:53
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді
20 Наурыз 2020, 11:29
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
20 Наурыз 2020, 09:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді 
20 Наурыз 2020, 07:55
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі
19 Наурыз 2020, 20:56
ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу шаралары туралы брифинг өтеді
19 Наурыз 2020, 19:34
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады
19 Наурыз 2020, 19:15
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының кіреберісіне қойылған бақылау-өткізу бекетіне барды
19 Наурыз 2020, 12:48
Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
18 Наурыз 2020, 21:17
Әлеуметтік маңызы бар өнімдерді импорттау үшін «жасыл дәліз» ашылды
18 Наурыз 2020, 18:59
Үкімет азық-түлік бағасының тұрақтылығын және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді
18 Наурыз 2020, 13:17
Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен күреске 200 миллион теңге бөлуді тапсырды
18 Наурыз 2020, 13:15
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдерімен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізді
18 Наурыз 2020, 11:22
Мемлекет басшысы Премьер-Министр, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Асқар Маминді қабылдады
17 Наурыз 2020, 20:36
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына кіруді және шығуды шектеу туралы
17 Наурыз 2020, 18:50
2020 жылы «Бәйтерек» холдингі 19 мыңнан аса ШОБ жобасына қолдау көрсетеді
17 Наурыз 2020, 16:10
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия биылғы 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізді
17 Наурыз 2020, 15:46
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Расул Жұмалыны қабылдады
17 Наурыз 2020, 14:13
Р. Дәленов уақытша жабылған нысандарды қолдау шаралары туралы айтып берді
17 Наурыз 2020, 13:50
Баға өткен аптаның басындағы деңгейде болуы тиіс — Б. Сұлтанов сөзін қазақстандық кәсіпкерлерге бағыттады
17 Наурыз 2020, 13:41
ҚР-да жеке тұлғалардың тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салу енгізіледі — М. Әбілқасымова 
17 Наурыз 2020, 13:13
Әлихан Смайылов ТЖ кезеңінде бюджетті қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы айтып берді
17 Наурыз 2020, 12:52
Қазақстанда 200 мың жұмыс орны ашылады — Б. Нұрымбетов азаматтарды жұмыспен қамту шаралары туралы
17 Наурыз 2020, 11:36
Қазақстанда ішкі нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен толықтыру үшін қажетті жағдайлар жасалған — ҚР АШМ 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі