Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 05 тамыздағы №907 Қаулысы

Қызылорда облысы Қызылорда қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

 

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 5) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қызылорда қаласының әкімшілік аумағынан жалпы алаңы 6955 гектар жердің бір бөлігін Қызылорда қаласының шекарасына (шегіне) қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қызылорда облысы Қызылорда қаласының шекарасын (шегін) өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының  2013 жылғы 22 қазандағы № 148 шешіміне және Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 326 қаулысына келісім берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу