Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №647 Қаулысы

Ақмола облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Ақмола облысының мынадай білім беру ұйымдарына:

1) Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абайдың есімі;

2) Көкшетау қаласы білім бөлімінің «ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әл-Фарабидің есімі берілсін.

2. Ақмола облысы Степногорск қаласының мынадай білім беру ұйымдары:

1) Степногорск қаласының білім бөлімінің «Н. Островский атындағы №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Степногорск қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Степногорск қаласының білім бөлімінің «А.М. Горький №2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Степногорск қаласы білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Степногорск қаласының білім бөлімінің «А.П. Гайдар атындағы №8 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Степногорск қаласы білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №8 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) Степногорск қаласының білім бөлімінің «А. Косарев атындағы №9 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіСтепногорск қаласы білім бөлімінің «ҚанышСәтпаев атындағы №9 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрi    А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу