Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «10» қарашадағы № 692 қаулысы

«Кейбір білім беру ұйымдарына халықаралық мектеп мәртебесін беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 267 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Кейбір білім беру ұйымдарына халықаралық мектеп мәртебесін беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы
№ 267 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы қаулы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының
1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім беру  ұйымдары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Халықаралық    мектеп мәртебесін беру қағидаларында көзделген талаптарды орындаған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі              Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу