Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы №49 Қаулысы

Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының  5 және 7-тармақтарына,77-бабының 4-тармағына және 78-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:
  1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидалары;
  2. Қызмет бойынша ауысқан кезде және қызметтен шығарылғанда арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі көлемін тасымалдауға кеткен шығындарын өтеу қағидалары;
  3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары;
  4. Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiктежүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.
  1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
  1. «Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1299 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №74, 1082-құжат);
  2. «Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазанда № 1299 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 31қаулысы (Қазақстан Республикасының
    ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №3, 15-құжат).
  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                        Б. Сағынтаев

 

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу