Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 шілдедегі №791 Қаулысы

«Табиғи уран концентратына (U3O8) баға белгілеу қағидасын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Табиғи уран концентратына (U3O8) баға белгілеу қағидасын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 17, 199-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи уран концентратына (U3O8) баға белгілеу қағидасы (әдістемесі) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                        К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу