20 Қаңтар 2021, 16:28
«Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №13 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 3-4, 14-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 282, 286, 294 және 295-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшартта:
1-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтың 2) тармақшасының он бірінші абзацы алып тасталсын;
21-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы алып тасталсын;
25-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;
5-қосымша алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
«3-бөлім. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инвестициялық субсидия берілетін инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
3-бөлім. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабына сәйкес жасалатын инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесі |
|||||
01 |
Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
01.4 |
Мал шаруашылығы |
01.41 |
Сүт бағытындағы ірі қара мал өсіру |
01.42 |
Басқа да ірі қара мал және енекелер өсіру |
||||
10* |
Тамақ өнімдерінің өндірісі |
10.1 |
Етті өңдеу және консервілеу мен ет өнімдерінің өндірісі |
10.11 |
Етті өңдеу және консервілеу |
28
|
Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі |
28.3 |
Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы техникасының өндірісі |
28.30 |
Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы техникасының өндірісі |
21.2 |
Фармацевтикалық препараттар мен медициналық материалдар өндірісі |
21.20 |
Фармацевтикалық препараттар мен медициналық материалдар өндірісі |
21.20.2 |
Ветеринарияға арналған дәрілік препараттар өндірісі |
».
2. Осы қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу