Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №192 Қаулысы

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің «№ 7 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бейімбет Майлиннің  есімін беру туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің «№ 7 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бейімбет Майлиннің есімі берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының          Премьер-Министрі                                 А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу