Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «12» маусымдағы № 432 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шекара белгілерінің нысандарын, көлемдерін, сипаттамасын, конструкциясын және оларды орнату қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1181 және «Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1275 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Шекара белгілерінің нысандарын, көлемдерін, сипаттамасын, конструкциясын және оларды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1181 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген шекара белгілерінің нысандарында, көлемдерінде, сипаттамасында, конструкциясында:

2-бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Негізгі шекара белгілері»;

3-бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Аралық шекара белгілері»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Шекара белгілерін орнату қағидаларында:

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Мемлекеттік шекараның өзен учаскесіндегі негізгі шекара белгілері немесе құрғай бастаған (құрғақ) арналар, өзектер немесе шұқанақтар табаны бойынша өтетін Мемлекеттік шекараны белгілеу кезінде Мемлекеттік шекара сызығына перпендикуляр сызықта бір-біріне қарама-қарсы шекаралық өзендердің (бұлақтардың) қарама-қарсы жағалауларында (аралдарында) не болмаса оның бұрылысы бұрышының биссектрисасында орнатылатын екі негізгі шекара бағанасынан тұрады және негізгі шекара бағаналарын қосатын сызықтардың және шекара өзенінің (бұлағының) негізгі саласы немесе арнасының ортасы сызықтарының қиылысуында орналасқан негізгі шекара белгісінің орталығы болып табылатын нүктенің орналасу орнын айқындайды.».;

2) «Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы   29 қарашадағы № 1275 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 909-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларына:

10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Заңды және жеке тұлғалардың қолданылу мерзімі аяқталған рұқсаттаманы Шекара қызметінің әскери бөліміне қайтармауы оларға келесі күнтізбелік жылға арналған рұқсаттаманы беруден бас тартуға негіздеме болып табылады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу