13 Желтоқсан 2016, 16:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тізбесін бекіту туралы» 2012 жылғы 25 маусымдағы № 830 және «Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау қағидаларын бекіту және «Келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1449 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» 2012 жылғы 16 шілдедегі № 940 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 830 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 58, 797-құжат);
2) «Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау қағидаларын бекіту және «Келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1449 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 940 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 63,
867-құжат).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу