Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 наурыздағы №185 қаулысы

«Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шетелдік мемлекеттерге беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қазандағы №1355 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шетелдік мемлекеттерге беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қазандағы №1355 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік құпиялар мен олардың көздерін шет мемлекеттерге және (немесе) халықаралық ұйымдарға беру қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; 

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік құпиялар мен олардың көздерін шет мемлекеттерге және (немесе) халықаралық ұйымдарға беру қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шетелдік мемлекеттерге беру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                             О. Бектенов

 

қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу