Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 280 қаулысы

Жарияланды: Сейсенбі, 26 Қараша 2019

«Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидалары»;

2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) сатып алу – тапсырыс берушілердің мыналарды:

еңбек шарттары бойынша жеке тұлғаларда не қызметтерді өтемді көрсету шарттары бойынша кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғаларда жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

жарналарды (салымдарды), оның ішінде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізуді;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесті сатып алуды;

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялардың негізінде жүзеге асыратын банк операцияларын жүргізуге байланысты қаржы қызметтерін сатып алуды;

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, электр және (немесе) жылу энергиясы туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған сауда-саттықта, спот нарығында Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын білікті энергия өндіруші ұйымдардан теңгерімделген электр энергиясын, электр энергиясын сатып алуды;

теңіз портында алынатын алымдар мен төлемдерді төлеуді;

іссапар шығыстарына өтемақы төлеуді;

басқару органының және бақылау кеңесінің мүшелеріне сыйақылар төлеуді;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

ұлттық басқарушы холдингтің стратегиялық консультативтік-кеңесші органының қызметін қамтамасыз ету үшін ұлттық басқарушы холдингтің көрсетілетін қызметтерді сатып алуын;

отандық және шетелдік селекцияның асыл тұқымды малдары мен ауыл шаруашылығы малдарын сатып алуды;

ұлттық басқарушы холдингтің экспорттық кредиттерді сақтандыру бойынша мамандандырылған халықаралық сақтандыру компаниясының қызметтерін сатып алуын қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ функцияларын не жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті осы Үлгілік қағидаларда, сондай-ақ азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен ақылы негізде жүзеге асырылатын сатып алуы;»;

5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Сатып алу жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстардың сметасы) бекітілген (нақтыланған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді (нақтылайды).»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Тапсырыс берушi сатып алу жоспарын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, сондай-ақ сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Үлгілік қағидаларға                              1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпаратты мемлекеттік сатып алудың веб-порталында не тапсырыс берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Сатып алуды осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағында көзделген тәсілдермен жүргізу рәсімдерін тапсырыс беруші сатып алу қағидаларын әзірлеу кезінде белгілейді.

Тапсырыс берушілер индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімде оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөнінде ақпарат береді.

Ұлттық басқарушы холдингтің және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамту жөніндегі ақпарат шоғырландырылып, ұлттық басқарушы холдинг атынан индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ол белгілеген нысан бойынша және мерзімде беріледі.

Сатып алу қағидаларында осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағының               1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген тәсiлдермен жүзеге асырылатын сатып алудың жүзеге асырылуы және сатып алу қорытындылары туралы хабарландыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында не тапсырыс берушінің ресми интернет-ресурсында міндетті түрде орналастыру туралы талаптар қамтылуға тиіс.

Тапсырыс берушілер сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып техникалық ерекшелікті әзірлейді. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.»;

18-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) аралық соттағы дауды шешуге байланысты төрелік алымдар мен шығыстарды төлеу;»;

37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«37) өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»;

58-1), 58-2) және 58-3) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 61) тармақшамен толықтырылсын:

«61) Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының және Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін шикізат, құрал-саймандар мен шығыс материалдарын сатып алу.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Тапсырыс беруші осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағында көзделген тәсілдермен сатып алу қорытындыларын шығарғаннан кейін өнім берушімен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сатып алу туралы шарт жасасады.

Сатып алу туралы шартта осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтер көрсеткені үшін толық төлем жасау туралы талаптар қамтылуға тиіс.

Сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс.»;

20-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20-1. Тапсырыс беруші ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей осы Үлгілік қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында не тапсырыс берушінің ресми интернет-ресурсында сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты орналастырады.»;

көрсетілген осы Үлгілік қағидалардың 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға  1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі              А. Мамин

Қосымша 1

Қосымша 2


Жаңалықтар тізбегі
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
10 Қыркүйек 2020, 19:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
10 Қыркүйек 2020, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
10 Қыркүйек 2020, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Қаулысы
10 Қыркүйек 2020, 17:06
Қашықтан білім беру, мектептердегі эпидемиологиялық ахуал, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету — Қазақстанда оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
10 Қыркүйек 2020, 13:12
Қазақстанда электронды өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 жылда 8,5 есе өседі
09 Қыркүйек 2020, 20:31
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:36
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:23
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.