Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №296 Қаулысы

«Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі 249 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №249 қаулысына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 28 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа  редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі    А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу