Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «14» шілдедегі № 405 қаулысы

Опубликовано: Бейсенбі, 14 Шілде 2016

«Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы                              № 111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26,                   363-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын                     білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары»;

1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар адамдар қабылданады.»;

3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2, 5-3-тармақтармен толықтырылсын:

«5-1. Осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған ҰБТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және ҰБТ-ға қатыспаған адамдар үшін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы              28-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жағдайларды қоспағанда, жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ қайта өткізіледі.

5-2. Осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған кешенді тестілеудің қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және кешенді тестілеуге қатыспаған адамдар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жағдайларда жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін кешенді тестілеу қайта өткізіледі.

5-3. Жоғары оқу орындары осы Үлгілік қағидалардың 5-1 және                   5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдарды ақылы негізде қабылдауы мүмкін.

Бұл адамдар үшін жоғары оқу орнында білім алудың бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін ҰБТ немесе кешенді тестілеу өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар осы ҰБТ немесе кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша жоғары оқу орнынан шығарылуға тиіс.»;

8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген жоғары білім мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;

9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар оқу орындарында жүзеге асырылады.

10. Педагогикалық мамандықтарға, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық                     емтихандарды өткізу тәртібі осы Үлгілік қағидалардың 1.1-бөлімінде белгіленеді.»;

11, 12-тармақтар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 1-1-бөліммен толықтырылсын:

«1-1. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі

12-1. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші талапкерлер өздері таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихандар тапсырады.

         Шығармашылық мамандықтарға түсетін талапкерлер үшін тестілеудің мынадай екі пәні бойынша балдар ескеріледі: мемлекеттік немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы.

Педагогикалық мамандықтарға түсуші талапкерлер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін арнаулы емтихан тапсырады.

12-2. Педагогикалық мамандықтарға түсу кезіндегі арнаулы емтихан талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындауға бағытталған.

12-3. Шығармашылық емтихандар талапкерлердің бойында шығармашылық қабілеттердің және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық алғышарттардың болуын анықтауға бағытталған.

12-4. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

12-5. Педагогикалық мамандықтарға түсуші талапкерлер бір арнаулы емтихан тапсырады.

12-6. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші талапкерлер екі шығармашылық емтихан тапсырады.

12-7. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін талапкерлерден өтініштер қабылдау және арнаулы емтихан өткізу жоғары оқу орындарында 20 маусым мен 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

12-8. Талапкерлерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған жоғары оқу орындары орналасқан мекенжай бойынша 20 маусым мен 1 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі.

12-9. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны осы Үлгілік қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

12-10. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін емтиханды өткізу кезеңіне комиссиялар құрылады. Комиссия жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен құрылады, төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

12-11. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты және өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.

12-12. Талапкер арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.

12-13. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан басталғанға дейін талапкерлерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың және апелляцияға өтініштер қабылдаудың уақыты мен орны көрсетіледі.

12-14. Шығармашылық емтихандар 25 балдық жүйе бойынша, арнаулы емтихан – «өтті» / «өтпеді» деп бағаланады.

12-15. Шығармашылық емтихан бойынша 10-нан төмен балл алған немесе емтиханға келмеген адамдар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.

12-16. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары бағалау ведомостарымен, арнаулы емтихан – жіберу ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.

12-17. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткен күні жарияланады.

12-18. Талаптарды сақтауды және арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адамдардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әрбір жоғары оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен құрылады. Комиссия құрамы, оның төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады.

12-19. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына   арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адам өзі тапсырады. Өтініш арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13-ке дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарайды.

12-20. Апелляциялық комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және қатысушы комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

12-21. Жоғары оқу орындары меншік нысанына қарамастан күнтізбелік бес күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ арнаулы немесе шығармашылық емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.»;

2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі. Кешенді тестілеу өткізу»;

мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2-тармақтармен толықтырылсын:

«16-1. Осы Үлгілік қағидалардың 5-1 және 5-2-тармақтарында көзделген              ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге қатысу үшін талапкер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті, 3x4 көлеміндегі екі фотосуретін,                                      086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын (бар болса) тапсырады.

16-2. Осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағында көзделген                      ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге қатысу үшін тиісті адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті тапсырады.»;

17, 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды                         20 маусым мен 9 шілде аралығында, осы Үлгілік қағидалардың 5-1 және                   5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге – 1-8 тамыз аралығында, осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағында көзделген                       ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге– 5-12 қаңтар аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.

18. Осы Үлгілік қағидалардың 5-тармағында көзделген кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 5-1 және               5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу 19-24 тамыз аралығында өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу 20-24 қаңтар аралығында өткізіледі.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді.»;

22, 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Талапкер осы Үлгілік қағидалардың 21-тармағын бұзған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілі осы Үлгілік қағидаларға                 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыйым салынған заттардың табылғаны және үміткерді шығару актісін жасайды және тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды.

23. Кешенді тестілеуге берілген уақыт аяқталғаннан кейін талапкер емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілі осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша акт жасайды. Бұл ретте аталған адамның емтихан материалдарының нәтижелері өңделмейді.»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Студенттер қатарына қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары 10-28 тамыз аралығында өткізеді.

Талапкерлер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін,                                     086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу  сертификатын, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.

         Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:

         1) еңбек кітапшасын;

         2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған (бар болса) қызметтік тізімді (жұмысшының жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

         3) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы қоса береді.

         Осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағына сәйкес жоғары оқу орнына қабылдау үшін адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін,                                   086-У нысанындағы  медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын қоса береді.»;

37-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:

«Осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың                                          37-тармағында белгіленген шекті балды алған адамдар жоғары оқу орны басшысының атына ақылы негізде жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді.

Өтінішке қосымша ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты мен уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.»;

         38-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

         «Педагогикалық мамандықтарға қабылдау арнаулы емтиханның нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.»;

         көрсетілген Үлгілік қағидаларға 1, 2-қосымшалар осы қаулыға                       1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

         көрсетілген Үлгілік қағидалар осы қаулыға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес    3 және 4-қосымшалармен толықтырылсын.

         2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі             К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы « 14 » шілдедегі № 405 қаулысына

1-қосымша

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына

1-қосымша

                                                                                    

           Нысан                    

Тыйым салынған заттардың табылғаны және аудиторияда тәртіп сақтау қағидаларын бұзған талапкерді аудиториядан шығару туралы

акт

____________________________________________________________

(базалық жоғары оқу орны)

20_____ж. «_______»__________                         _______сағ. ________мин.

Министрлік өкілі __________________________________________________                                                          

(тегі, аты, әкесінің аты)

Аудитория кезекшісі ________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

Талапкер: Т.А.Ә.   ____________________________________________ ТЖК_____________, аудитория №______, орын №______, нұсқа №____

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 21-тармағының бұзылғандығын дәлелдейтін төмендегі заттар табылды:

___________________________________________________________________

(ұялы телефонның маркасы, саны және қажет болған жағдайда басқа да мәліметтер, мәліметтері бар шпаргалка және т.б.)

Осы фактіні есепке алып қаулы етілді:

- емтихан материалдары алынсын;

- талапкер: Т.А.Ә.  _________________________________________________,

ТЖК_________________№__ аудиториядан шығарылсын және тестілеу нәтижелері жойылсын. ___________________________________________________________________

(осы актіні жасаған тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты және қолдары)

актімен таныстым: ___________________________________________________

(талапкердің тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

актімен таныстым: ______________________________________________

                                 (базалық жоғары оқу орнының жауапты хатшысының тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

М.О.

(базалық жоғары оқу орнының мөрі)                                            

Уақыты:___________                                                        

______________________________________

        

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы « 14 » шілдедегі № 405 қаулысына

2-қосымша

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына

2-қосымша

Нысан

Тестілеу уақыты аяқталғаннан кейін талапкердің емтихан материалдарын уақтылы тапсырмау фактісін анықтау

актісі

_________________________________________________

(базалық жоғары оқу орны)

20_____ж. «_______»__________                                                _______сағ. ________мин.

Министрлік өкілі ________________________________________________________                        (тегі, аты, әкесінің аты)

аудитория кезекшісі _________________________________________________________                         (тегі, аты, әкесінің аты)

Талапкер: Т.А.Ә.____________________________________,

ТЖК_______________№_____аудитория, №_______ орын, _________нұсқа

тестілеу уақытының аяқталуына байланысты емтихан материалдарын уақтылы тапсырудан бас тартты бұл Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 23-тармағын бұзу болып табылады.

Осы фактіні есепке алып қаулы етілді:

- емтихан материалдары алынсын;

- талапкер: Т.А.Ә._______________________________________,

ТЖК____________________________________________________________

№__аудиториядан шығарылсын және тестілеу нәтижелері жойылсын.

___________________________________________________________________

(осы актіні жасаған тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты және қолдары)

актімен таныстым: ___________________________________________________

(талапкердің тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

актімен таныстым: ______________________________________________

             (базалық жоғары оқу орнының жауапты хатшысының тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

М.О.

(базалық жоғары оқу орнының мөрі)                                                                                        \ Уақыты:___________

______________________________________

                                                                                     

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы « 14 » шілдедегі № 405 қаулысына

3-қосымша

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына

3-қосымша

Арнаулы немесе шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі

Коды Мамандықтардың атаулары  
1 2  
Арнаулы емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар  
5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу  
5В010200 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі  
5В010300 Педагогика және психология  
5В010500 Дефектология  
5В010900 Математика  
5В011000 Физика  
5В011100 Информатика  
5В011200 Химия  
5В011300 Биология  
5В011400 Тарих  
5В011500 Құқық және экономика негіздері  
5В011600 География  
5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті  
5В011800 Орыс тілі мен әдебиеті  
5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі  
5В012000 Кәсіптік оқыту  
5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті  
5В012200 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті  
5В012300 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану  
5В012500 Химия-Биология  
5В012600 Математика-Физика  
5В012700 Математика-Информатика  
5В012800 Физика-Информатика  
5В012900 География-Тарих  
5В013000 Тарих-Дінтану  
Шығармашылық емтихандар тапсыру талап етілетін мамандықтар  
1 2 2
Коды Мамандықтардыңатаулары  
5В010400 Бастапқы әскери дайындық  
5В010600 Музыкалық білім  
5В010700 Бейнелеу өнері және сызу  
5В010800 Дене шынықтыру және спорт  
5В020600 Дінтану  
5В021500 Исламтану  
5В040100 Музыкатану  
5В040200 Аспаптық орындаушылық  
5В040300 Вокалдық өнер  
5В040400 Дәстүрлі музыка өнері  
5В040500 Дирижерлеу  
5В040600 Режиссура  
5В040700 Актерлік өнер  
5В040800 Эстрада өнері  
5В040900 Хореография  
5В041000 Сценография  
5В041100 Композиция  
5В041200 Операторлық өнер  
5В041300 Кескіндеме  
5В041400 Графика  
5В041500 Мүсін  
5В041600 Өнертану  
5В041700 Сән өнері  
5В042000 Сәулет  
5В042100 Дизайн  
5В042200 Баспа ісі  
5В042300 Арт-менеджмент  
5В050400 Журналистика  
5В090600 Мәдени-тынығу жұмысы  
5В140100 Орындаушылық өнер  
5В140200 Халық аспаптары  
5В140300 Ән айту өнері  

______________________________________

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы « 14 » шілдедегі № 405 қаулысына

4-қосымша

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына

4-қосымша

Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны

Коды Мамандықтардыңатаулары Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны    
1 2 3    
Арнаулы емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар  
5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В010200 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В010300 Педагогика және психология Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В010500 Дефектология Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В010900 Математика Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В011000 Физика Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В011100 Информатика Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В011200 Химия Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В011300 Биология Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В011400 Тарих Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В011500 Құқық және экономика негіздері Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В011600 География Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В011800 Орыс тілі мен әдебиеті Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В012000 Кәсіптік оқыту Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті Педагогикалық жағдаятты шешу  
1 2 3  
5В012200 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В012300 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В012500 Химия-Биология Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В012600 Математика-Физика Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В012700 Математика-Информатика Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В012800 Физика-Информатика Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В012900 География-Тарих Педагогикалық жағдаятты шешу  
5В013000 Тарих-Дінтану Педагогикалық жағдаятты шешу  

Шығармашылық емтихандар тапсыру талап етілетін мамандықтар

 
Коды Мамандықтардыңатаулары Бірінші шығармашылық емтихан

Екінші

шығармашылық емтихан

 
1 2 3 4  
5В010400 Бастапқы әскери дайындық Спорт түрлері бойынша нормативтер Спорт ойындары  
5В010600 Музыкалық білім Орындау шеберлігі Жалпы музыкалық қабілетін көрсету  
5В010700 Бейнелеу өнері және сызу Сурет (адам бетінің гипстен жасалған маскасының суреті) Кескіндеме (натюрморт)  
5В010800 Дене шынықтыру және спорт Мамандану бойынша нормативтер Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер  
5В020600 Дінтану Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу Дін негіздері бойынша ауызша емтихан  
5В021500 Исламтану Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу Ислам негіздері бойынша ауызша емтихан  
5В040100 Музыкатану Музыкалық әдебиет бойынша ауызша естихан. Музыкалық тақырыптарды орындау Гармония және сольфеджио бойынша ауызша және жазбаша емтихан  
1 2 3 4  
5В040200 Аспаптық орындаушылық Соло бағдарламаны орындау

Гармония және сольфеджио бойынша ауызша және жазбаша емтихан

 
5В040300 Вокалдық өнер Соло бағдарламаны орындау Музыканың бастауыш теориясы бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант  
5В040400 Дәстүрлі музыка өнері Соло бағдарламаны орындау

Гармония және сольфеджио бойынша ауызша және жазбаша емтихан.

Гармония және этносольфеджио бойынша ауызша және жазбаша емтихан (домбыра мамандығы бойынша)

 
5В040500 Дирижерлеу Дирижерлеу. Естіп талдау. Рояльда ойнау. Коллоквиум Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант  
5В040600 Режиссура

Жазбаша жұмыс

Режиссурабойынша ауызша емтихан  
5В040700 Актерлік өнер Актер шеберлігі, сахна тілі

Би, вокал(драма театрының әртісі мамандығы бойынша)

Коллоквиум

 
5В040800 Эстрада өнері Эстрада вокалы. Аспапшылар үшін бағдарлама орындау Музыка теориясы бойынша ауызша емтихан, сольфеджио  
1 2 3 4  
5В040900 Хореография Орындау шеберлігі

Хореография педагогикасы бойынша ауызша емтихан

 
5В041000 Сценография Сурет, кескіндеме Композиция  
5В041100 Композиция Шағын нысанды жанрдағы шығармалардан көрініс. Музыкалық әдебиет бойынша коллоквиум Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант  
5В041200 Операторлық өнер Практикалық жұмыс – павильонда және табиғатта түсіру Әлем және казақ киносының (театры) тарихы бойынша ауызша емтихан  
5В041300 Кескіндеме Сурет, кескіндеме Композиция  
5В041400 Графика Сурет, кескіндеме Композиция  
5В041500 Мүсін Сурет, мүсін Композиция  
5В041600 Өнертану Жазбаша жұмыс Өнертану бойынша ауызша емтихан  
5В041700 Сән өнері Сурет, кескіндеме Композиция  
5В042000 Сәулет Сурет Сызу  
5В042100 Дизайн Сурет Сызу  
5В042200 Баспа ісі Еркін тақырыпқа жазбаша эссе Мәтінді редакциялау  
5В042300 Арт-менеджмент Реферат және арт-жобаны таныстыру Коллоквиум  
5В050400 Журналистика Шығарма Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу  
5В090600 Мәдени-тынығу жұмысы Орындау шеберлігі Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері  
5В140100 Орындаушылық өнер Соло бағдарламаны орындау Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант  
1 2 3 4  
5В140200 Халық аспаптары Соло бағдарламаны орындау Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант  
5В140300 Ән айту өнері Соло бағдарламаны орындау Музыканың бастауыш теориясы бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант  

______________________________________

 
             

Жаңалықтар тізбегі
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
24 Маусым 2020, 10:25
Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
23 Маусым 2020, 18:59
Ғабидулла Оспанқұлов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
23 Маусым 2020, 15:02
Мемлекет басшысы BIZ BIRGEMIZ жалпыұлттық онлайн форумына қатысты
23 Маусым 2020, 14:04
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.06.2020
23 Маусым 2020, 13:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №381 Қаулысы
23 Маусым 2020, 13:18
2020 жылдың екінші жартысында Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады 
23 Маусым 2020, 13:03
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумында сөйлеген сөзі
23 Маусым 2020, 12:58
ШОБ несие бойынша төлемді кейінге қалдыруға қайта жүгіне алады — М. Әбілқасымова
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.