Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі №206 Қаулысы

«Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 605 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 605 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 43, 315-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдарды айқындау туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдар болып айқындалсын.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу