Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №64 Қаулысы

Қостанай облысының Қостанай ауданы және Рудный қаласының  шекараларын (шегін) өзгерту туралы


2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 5) тармақшасына, 108-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес облыстық маңызы бар Рудный қаласының шекараларына (шегіне) Қостанай ауданы жерлерінің жалпы ауданы 501, 9191 гектар бөлігін қосу жолымен Қостанай облысы Рудный қаласының және Қостанай ауданының шекараларын (шегін) өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қостанай облысы Рудный қаласының және Қостанай ауданының шекараларын (шегін) өзгерту туралы ұсынысты келісуге енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 1 қаулысына және Қостанай облыстық мәслихатының 2017 жылғы 10 ақпандағы № 115 шешіміне келісім берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                Б. Сағынтаев

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу