Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 436 қаулысы

«Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 134-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесінде:

«Ақмола облысы» бөлімінде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. «ЕПК Степногорск» акционерлік қоғамы»;

мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 4-3-тармақтармен толықтырылсын:

«4-1. «Комбайновый завод «Вектор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

4-2. «Степногорск ЖЭО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

4-3. «CAPITAL PROJECTS LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

«Ақтөбе облысы» бөлімінде:

мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:

«8-1. «Актюбинский рельсобалочный завод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

8-2. «Alina Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы Ақтөбе қаласы»;

«Алматы облысы» бөлімінде:

мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2 және 12-3-тармақтармен толықтырылсын:

«12-1. «Абди Ибрахим Глобал Фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

12-2. «Dolce» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

12-3. «Danone Berkut» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

«Атырау облысы» бөлімінде:

мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

«16-1. «Жігермұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

«Шығыс Қазақстан облысы» бөлімінде:

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

«22-1. «Согра ЖЭО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

«Жамбыл облысы» бөлімінде:

мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

«27-1. «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

«Батыс Қазақстан облысы» бөлімінде:

30, 31, 33 және 34-тармақтар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

«34-1. «Уральский трансформаторный завод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

«Қарағанды облысы» бөлімінде:

37-тармақ алып тасталсын;

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«38. «Эфес Қазақстан» Шетел Кәсіпорыны Акционерлік Қоғамы»;

41-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 42-1 және 42-2 тармақтармен толықтырылсын:

«42-1. «Карцемент» акционерлік қоғамы;

42-2. «Энергоцентр-Караганда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

«Қызылорда облысы» бөлімінде:

мынадай мазмұндағы 56-1 және 56-2-тармақтармен толықтырылсын:

«56-1. «Аралтұз» акционерлік қоғамы;

56-2. «Абзал және Компания» толық серіктестігі»;

«Маңғыстау облысы» бөлімінде:

59-тармақ алып тасталсын;

60 және 61-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«60. «КазАзот» акционерлік қоғамы;

61. «Caspian Offshore and Marine Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

63-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 64-1-тармақпен толықтырылсын:

«64-1. «Жанарыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

«Павлодар облысы» бөлімінде:

70-тармақ алып тасталсын;

«Солтүстік Қазақстан облысы» бөлімінде:

73, 76 және 77-тармақтар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 77-1-тармақпен толықтырылсын:

«77-1. «СевКазЭнерго» акционерлік қоғамы»;

«Оңтүстік Қазақстан облысы» бөлімінде:

мынадай мазмұндағы 84-1 және 84-2-тармақтармен толықтырылсын:

«84-1. «Стандарт Цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

84-2. «Зерде-Керамика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

«Астана қаласы» бөлімінде:

мынадай мазмұндағы 90-1, 90-2 және 90-3-тармақтармен толықтырылсын:

«90-1. «Астанинский бетонный комбинат «МАҚСАТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

90-2. «Кровля НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

90-3. «ASTANA Ютария Ltd» Өндірістік Инновациялық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

«Алматы қаласы» бөлімінде:

мынадай мазмұндағы 98-1, 98-2 және 98-3-тармақтармен толықтырылсын:

«98-1. «Алматы жылу жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

98-2. «Корпорация Век» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

98-3. «Казлегпром-Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу