18 Ақпан 2016, 12:08
Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2016 жылға арналған өңірлік квотасын бекіту туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) 1259 отбасыдан тұратын оралмандарды қабылдаудың 2016 жылға арналған өңірлік квотасы;
2) 463 отбасыдан тұратын қоныс аударушыларды қабылдаудың 2016 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2016 жылғы 1 тамызға және 2017 жылғы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есеп ұсынсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу