Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 577 қаулысы

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 597-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiнде:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы
автомобиль өткізу пункттері және Қазақстан Республикасының
аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттері» деген 4-бөлімде:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қытай Халық Республикасымен шекара арқылы халықаралық өткізу пункттері:

көпжақты қатынастар үшін ашық:

Нұр жолы Алматы облысы
Достық Алматы облысы
Көлжат Алматы облысы
Бақты Шығыс Қазақстан облысы
Майқапшағай Шығыс Қазақстан облысы

».

2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Қаржыминистрліктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                   Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу