Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 қазандағы №736 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2019 жылғы 24 желтоқсандағы №968 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
24 желтоқсандағы № 968 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында:

«Кіріспе» деген 2-тарауда:

«Негізгі терминдер мен анықтамалар» деген бөлімде:

мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Нұр-Сұлтан қаласының шегіндегі аумақ;

1-2) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қор биржасы (бұдан
әрі – АХҚО қор биржасы) – АХҚО-да қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;»;

мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«8-1) «жасыл» жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

8-2) «жасыл» таксономия – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін «жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасы;»;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) кәсіпкер – өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, жекелеген кәсіпкерлік субъектілері, өз қызметін Тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері,
АХҚО-ның аумағында тіркелген заңды тұлғалар, сондай-ақ жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында тікелей инвестициялар қорларының қаражаты есебінен іске асыратын заңды тұлғалар;»;

мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

«13-1) купондық сыйақы мөлшерлемесі – облигация шығарылымының проспектісінде белгіленген және облигация орналастыру салдарынан эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін мерзімдік негізде төлеуге жататын купондық сыйақының пайызда көрсетілген мөлшері;»;

мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2) және 16-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«16-1) қарыз – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану шартымен тікелей инвестициялар қоры кәсіпкерге қарыз шартының негізінде беретін ақша қаражатының сомасы;

16-2) қарыз шарты – тікелей инвестициялар қоры мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша тікелей инвестициялар қоры кәсіпкерге қарыз береді;

16-3) қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі болатын, сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға;»;

мынадай мазмұндағы 19-1) және 19-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«19-1) мезониндік келісім – тікелей инвестициялар қоры мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша тікелей инвестициялар қоры кәсіпкерге мезониндік қаржыландыруды ұсынады;

19-2) мезониндік қаржыландыру – тікелей инвестициялар қорының кәсіпкерге мезониндік келісім негізінде кәсіпкердің акцияларына немесе капиталындағы қатысу үлестеріне айырбастау құқығымен қоса субординарлық қарыз беруі;

21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«21) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға/тікелей инвестициялар қорына төлейтін өтеусіз және қайтарымсыз негіздегі мерзімді төлемдер;

22) субсидиялау – кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды болашақта орындаудың орнына кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға/тікелей инвестициялар қорына төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;»;

мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

«22-1) тікелей инвестициялар қоры – Қазақстан Республикасының, шет мемлекеттердің және (немесе) АХҚО-ның заңнамасына сәйкес заңды тұлға нысанында және (немесе) заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың өзге де нысанында құрылған, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және (немесе) заңды тұлға құрмай ұйымдық-кәсіпкерлік қызметтің өзге де нысандарына тікелей немесе жанама қатысу, қаржы құралдарын сатып алу, қарыздар беру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен ақшаны және өзге де мүлікті одан әрі инвестициялау мақсатында ғана оларды тартуды және шоғырландыруды жүзеге асыратын ұйым. Осы Бағдарламаның мақсаттары үшін тікелей инвестициялар қорлары деп тікелей инвестициялар қорлары және (немесе) олар бақылайтын, акциялары және/немесе қатысу үлестері «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамына тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдар түсініледі;»;

«Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-тарауда:

«Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау» деген бөлімде:

«Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнімінің көлемін ұлғайту» деген 3-міндеттің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнімнің көлемін ұлғайту үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттер/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік қаржыландыру және (немесе) банктердің қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, мемлекеттік гранттар беру және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берілген кредиттеріне ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын болады.»;

«Кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру, оның ішінде экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын отбасылық кәсіпкерлікті дамыту» деген 5-міндеттің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, мемлекеттік гранттар беру және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берілген кредиттеріне ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын болады.»;

«Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар» деген 5-тарауда:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне арналған кредиттер/микрокредиттер бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру өтеусіз негізде және салалық шектеулерсіз беріледі.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Кредиттер/микрокредиттер бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.»;

24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді:

1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

2) «жасыл» жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

3) ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау;

4) өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

5) кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

6) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген «жасыл» облигациялар және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген «жасыл» облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

7) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

8) өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде банктер беретін кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру;

9) мемлекеттік гранттар беру;

10) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

11) индустриялық аймақтар құру.

25. Мыналарды:

1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтыруға арналған сомасы 100 млн. теңгеден аспайтын сомадағы кредиттерден басқа);

2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын жобаларды (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

3) ломбардтардың, микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялардың қызметін;

4) Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік гранттар беруді және өндірістік инфрақұрылымды дамытуды қоспағанда, өз жобаларын салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар болып табылады.»;

мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:

«25-1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін «жасыл» жобалардың сыныптамасына (таксономиясына) сәйкес «жасыл» жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері де Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар болып табылады.»;

«Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау»;

26, 27, 28, 29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдер және (немесе) қарыздар бойынша жүзеге асырылады.

Бұл ретте сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер/мезониндік келісімдер және (немесе) қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау 100 млн. теңгеден аспайтын сомадағы кредиттер/мезониндік келісімдер және (немесе) қарыздар бойынша жүзеге асырылады.

27. Мыналарды:

1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтырудан басқа);

2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын жобаларды (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады) қоспағанда, банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін салалық шектеулерсіз берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

28. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/мезониндік қаржыландыру мен қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер/мезониндік қаржыландыру мәмілелері және (немесе) қарыздар да субсидиялауға жатады.

29. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

30. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.»;

мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

«Банктердің/даму банкінің «жасыл» жобаларды іске асыру мақсаттары үшін берілетін кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

30-1. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген «жасыл» жобаларды айқындауға сәйкес «жасыл» жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

30-2. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде «жасыл» жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер бойынша да жүзеге асырылады.

30-3. Егер кредит беру негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын болса, «жасыл» жобаларды іске асыру үшін берілген кредит бойынша айналым қаражатын толықтыру үшін субсидиялауға жол беріледі.

30-4. «Жасыл» жобаларды іске асыру үшін банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

30-5. Банктердің/даму банкінің кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде «жасыл» таксономияны қолдану жөніндегі жекелеген ережелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.»;

32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Мыналарды:

1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтырудан басқа);

2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын жобаларды (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

3) ломбардтардың, микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау салалық шектеулерсіз кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.»;

41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«41. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес шығарылған «жасыл» облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

42-1. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген «жасыл» облигациялар және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген «жасыл» облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау эмитенттер облигациялар бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

42-2. «Жасыл» облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау «жасыл» жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

42-3. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған «жасыл» облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

42-4. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған «жасыл» облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.»;

47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«47. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беруді қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.»;

«Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өндіру бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілетін кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өндіру бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ішінара кепілдік беру»;

50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«50. Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өндіру бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ішінара кепілдік беру Тетікте көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.»;

52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«52. Мемлекеттік гранттар беру нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;

«Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау» және «Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау» деген бөлімдер алып тасталсын;

110 және 111-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«110. БЖК-2020 іске асыру шеңберінде жасалған банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдер және (немесе) қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша кепілдік беру жөніндегі келісімдер Бағдарламаны іске асыру кезінде қолданылады және қайтадан жасалмауға тиіс.

111. Қаржы агенттігі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдер және (немесе) қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттер бойынша кепілдік беру, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрамдауышы және мемлекеттік гранттар беру бөлігінде Бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.»;

116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«116. Мемлекеттік қолдау алуға үміткер кәсіпкерлердің кредиттері/лизингтік мәмілелері/мезониндік қаржыландыру мәмілелері және (немесе) қарыздары мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

1) кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі/мезониндік қаржыландыру мәмілесі және (немесе) қарызы Бағдарлама шарттарына сәйкес жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға, өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ «жасыл» жобаларды іске асыруға бағытталуға тиіс;

2) сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды және оларға ішінара кепілдік беруді:

даму банкінің ұйымдардың үлестерін, акцияларын сатып алуға бағытталған кредиттерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша қаражатты кейіннен екінші деңгейдегі банктер алдындағы берешекті өтеуге жібере отырып, ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

даму банкі мен тікелей инвестициялар қорларын қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;

банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерін/лизингтік мәмілелерін/мезониндік қаржыландыру мәмілелерін және (немесе) қарыздарын қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;

овердрафт түріндегі кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асыруға болмайды;

3) кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі/мезониндік қаржыландыру мәмілесі және (немесе) қарызы ұлттық валютада берілуге тиіс.»;

көрсетілген Бағдарламаға 1-қосымшада:

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

«Екінші бағыт: кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау» деген бөлімде:

«1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау»;

реттік нөмірлері 1, 2, 3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

1

Банктердің/ даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттері/ қаржылық лизинг шарттары/«жасыл» жобаларды іске асыруға арналған кредиттері/ мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау

бірл.

ай сайын

қаржы агенттігінің шешімі (хаттамасы)

«Даму» КДҚ» АҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

 


 
 
 
 
 

2

Субсидиялау шарттарын жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісу бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

талап етілмейді


 
 
 
 
 

3

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде «Даму» КДҚ» АҚ-ның кәсіпкерлердің жобалары бойынша екінші деңгейдегі банктерге/ лизингтік компанияларға/тікелей инвестициялар қорларына субсидиялар төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісу бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар (келісу бойынша)

64 052 269

35 161 074

32 762 579

26 385 031

18 981 751

республикалық бюджет

27 622 813

27 471 769

27 220 030

27 220 030

27 220 030

жергілікті бюджет

»;

«7. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

1

Қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген эмитенттердің облигациялары және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген «жасыл облигациялар» және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген «жасыл облигациялар» бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау

бірл.

алты айда бір рет не 12 айда бір рет

қаржы агенттігінің шешімі (хаттамасы)

«Даму» КДҚ» АҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

 

»;

көрсетілген Бағдарламаға 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) 2015 жылғы
29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары/тікелей инвестициялар қорларының мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды.

2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/тікелей инвестициялар қорлары берген кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша;

Бағдарлама шеңберінде «жасыл» жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер/даму банкі берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша;

«Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – Тетік) шеңберінде екінші деңгейдегі банктер берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша жүзеге асырылады.

3. Субсидиялау кредиттер/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдер және (немесе) қарыздар, оның ішінде «жасыл» жобаларды іске асыру үшін берілген кредиттер бойынша сыйақы ретінде кәсіпкерлер төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.»;

7-тармақта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның/тікелей инвестициялар қорының қаржы агенттігімен келісілген уәкілетті банкі және лизингтік компанияның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;»;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы (бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредиттер/лизингтік мәмілелер/қарыздар және бірнеше рет мезониндік қаржыландыру алуға болады);»;

мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«10-1) «жасыл» жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

10-2) «жасыл» таксономия – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін «жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасы;

10-3) жанама қатысу – «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамының акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамына тікелей тиесілі тұлғалар арқылы Қазақстан Республикасының, шет мемлекеттердің және/немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және/немесе заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың өзге де нысандарының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеленуі;»;

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«12) кәсіпкер – өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, жекелеген кәсіпкерлік субъектілері және өз қызметін Тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері, «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген, сондай-ақ жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында тікелей инвестициялар қорларының қаражаты есебінен іске асыратын заңды тұлғалар;»;

мынадай мазмұндағы 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«15-1) қарыз – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану шартымен тікелей инвестициялар қоры кәсіпкерге қарыз шартының негізінде беретін ақша қаражатының сомасы;

15-2) қарыз шарты – тікелей инвестициялар қоры мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша тікелей инвестициялар қоры кәсіпкерге қарыз береді;»;

мынадай мазмұндағы 18-1) және 18-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«18-1) мезониндік келісім – тікелей инвестициялар қоры мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша тікелей инвестициялар қоры кәсіпкерге мезониндік қаржыландыру береді;

18-2) мезониндік қаржыландыру – кәсіпкерге тікелей инвестициялар қорының мезониндік келісім негізінде кәсіпкердің акцияларына немесе капиталындағы қатысу үлестеріне айырбастау құқығымен қоса реттелген қарыз беруі;»;

20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«20) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға/тікелей инвестициялар қорына өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;»;

21) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«21) субсидиялау – кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды болашақта орындаудың орнына кредиттер/лизинг/мезониндік қаржыландыру және (немесе) қарыздар бойынша сыйақы ретінде кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға/тікелей инвестициялар қорына төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны.»;

22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«22) субсидиялау шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры мен кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/тікелей инвестициялар қоры/лизингтік компания берген кредиті/лизингі/мезониндік қаржыландыруы және (немесе) қарызы бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;»;

мынадай мазмұндағы 22-1), 22-2) және 22-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«22-1) сыртқы бағалау («жасыл» жоба бойынша) – «жасыл» таксономия жобаларының кіші секторларына іске асырылуы көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан «жасыл» жобаның осы кіші сектор үшін көзделген шекті мәндерді сақтау бөлігінде сәйкестігін бағалау рәсімі;

22-2) сыртқы бағалау провайдері – қаралып отырған жобаның «жасыл» таксономияның шекті мәніне сәйкестігі туралы тиісті қорытынды дайындай отырып, іске асырылуы көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан «жасыл» жоба бойынша тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйым;

22-3) тікелей инвестициялар қоры – Қазақстан Республикасының, шет мемлекеттердің және (немесе) «Астана» халықаралық қаржы орталығының заңнамасына сәйкес заңды тұлға нысанында және (немесе) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың өзге де нысанында құрылған, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және (немесе) заңды тұлға құрмай ұйымдық-кәсіпкерлік қызметтің өзге де нысандарына тікелей немесе жанама қатысу, қаржы құралдарын сатып алу, қарыздар беру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен ақшаны және өзге де мүлікті одан әрі инвестициялау мақсатында ғана оларды тартуды және шоғырландыруды жүзеге асыратын ұйым. Осы Бағдарламаның мақсаттары үшін тікелей инвестициялар қорлары деп тікелей инвестициялар қорлары және (немесе) олар бақылайтын, акциялары және/немесе қатысу үлестері «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамына тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдар түсініледі;»;

мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:

«23-1) шекті мән («жасыл» таксономияның кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт) – «жасыл» таксономияның кіші секторы үшін белгіленген жобалардың немесе активтердің сандық және сапалық өлшемшарттарының шекті мәндері, оларға қол жеткізу жобаларды «жасыл», яғни тиісті «жасыл» таксономия ретінде саралау үшін қажет. Кіші сектор бойынша шекті өлшемшарт сертификаттау/таңбалау талаптарында («жасыл» таксономияда көрсетілген стандарттардың талаптарына сәйкестікті растау не жекелеген кіші секторларға қатысты таңбалардың болуы) көрсетілуі мүмкін;»;

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Мыналарды:

1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтырудан басқа);

2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын жобаларды (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

3) ломбардтардың, микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, өздерінің және тиімді жобаларды салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар болып табылады.»;

мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

«30-1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін «жасыл» жобалардың сыныптамасына (таксономиясына) сәйкес «жасыл» жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар болып табылады.»;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Мынадай:

1) даму банкін және тікелей инвестициялар қорларын қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған банктердің/даму банкінің/тікелей инвестициялар қорларының/лизингтік компаниялардың кредиттерін/лизингтік мәмілелерін қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;

2) даму банкінің ұйымдардың үлестерін, акцияларын сатып алуға бағытталған кредиттерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) ұсынымы бойынша қаражатты кейіннен екінші деңгейдегі банктер алдындағы берешекті өтеуге жібере отырып, ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

3) овердрафт түріндегі;

4) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша;

5) кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері мынадай қызмет түрлері бойынша іске асыратын жобалар бойынша: тұрғын ғимараттар құрылысы, оның ішінде жеке тұрғын үйлер (ЭҚЖЖ 41.20.1); Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары үшін 1-санаттағы стационарлық сауда объектілерін салу (ЭҚЖЖ 41.20.3); көппәтерлі және тұрғын үйлерді (жекежайларды) сатып алу және сату (ЭҚЖЖ 68.10.1); басқа жылжымайтын мүлікті: көрме залдарын, қойма үй-жайларын сатып алуды және сатуды қоспағанда, басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату (ЭҚЖЖ 68.10.2), жекелеген кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ меншікті жылжымайтын мүлікті: тұрғын емес өндірістік ғимараттарды (үй-жайларды); көрме залдарын, конференц-залдарды, қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын, оның ішінде жеке меншік теміржол кірме жолдары, тіркелген кеден қоймалары, магистральдық құбыржолдардың және газ тарату жүйелерінің қажеттіліктері үшін сұйықтықтарды (мұнай өнімдерін) сақтау резервуарлары, жер учаскелері, технологиялық ресурстарды орналастыру мақсатында өндірістік үй-жайлардың шатырлары барларын жалға беруді және басқаруды қоспағанда, меншікті жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару (ЭҚЖЖ 68.20.1), жекелеген кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ жалға алынатын жылжымайтын мүлікті: тұрғын емес өндірістік ғимараттарды (үй-жайларды), көрме залдарын, конференц-залдарды, қойма үй-жайларын және қойма алаңдарын, оның ішінде жеке меншік теміржол кірме жолдары, тіркелген кеден қоймалары, сұйықтықтарды (мұнай өнімдерін) сақтау жөніндегі резервуарлары, жер учаскелері, технологиялық ресурстарды орналастыру мақсатында өндірістік үй-жайлардың шатырлары барларын қоспағанда, жалға алынатын жылжымайтын мүлікті (ЭҚЖЖ 68.20.2) жалға алу (қосалқы жалдау) және пайдалану; жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және олардың лизингі (ЭҚЖЖ 77.11), бұл шектеулер отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға және лизингке беруге қатысты емес;

6) ломбардтардың, микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.»;

32-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдер және (немесе) қарыздар бойынша жүзеге асырылады.»;

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Мыналарды:

1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтырудан басқа);

2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын жобаларды;

3) ломбардтардың, микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, салалық шектеулерсіз іске асырылатын жобалар шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.»;

мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:

«Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау субсидиялау шарты жасалған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін «жасыл» жобаларды іске асыруға берілетін және іске асырылатын жобада шекті мәнге («жасыл» таксономияның кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт болған кезде) қол жеткізуді көздейтін жаңа кредиттер бойынша да жүзеге асырылады (осы өлшемшартты орындау мерзімін ұзарту сыртқы бағалаумен айқындалған объективті себептер болған кезде қаржы агенттігінің шешімі негізінде жүзеге асырылады).

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тауарларды таңбалауға арналған жабдықты сатып алуға бағытталған қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.»;

33, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«33. Мыналарды:

1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтырудан басқа);

2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын жобаларды (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

3) ломбардтардың, микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобаларды салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдер және (немесе) қарыздар бойынша да жүзеге асырылады.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау банктердің/даму банкінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде «жасыл» жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттеріне де қолданылады.

34. Жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар/тікелей инвестициялар қорлары бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдер және (немесе) қарыздар, оның ішінде «жасыл» жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер де жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына/мезониндік келісімдерге және (немесе) қарыздарға жатады.

35. Жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 8 (сегіз) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар/тікелей инвестициялар қорлары және кредиттік серіктестіктер, қаржы ұйымдары бұрын берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/мезониндік келісімдерді және (немесе) қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер/мезониндік қаржыландыру мәмілелері және (немесе) қарыздар да субсидиялауға жатады.»;

мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:

«38-1. Егер кредит беру негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын болса, «жасыл» жобаларды іске асыру үшін айналым қаражатын толықтыруға берілген кредит бойынша субсидиялауға жол беріледі.»;

39, 40, 41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«39. Кәсіпкер 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден жоғары кредиттер, оның ішінде «жасыл» жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға меншікті қаражатының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің меншікті қаражатымен (ақша қаражатымен/жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысу шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.

40. Кредит/мезониндік келісім және (немесе) қарыз, оның ішінде «жасыл» жобаны іске асыруға берілетін кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

41. Бұл ретте сомасы 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден аспайтын кредиттер/мезониндік келісімдер және (немесе) қарыздар, оның ішінде «жасыл» жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

42. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы қолданыстағы барлық кредиттерді ескергенде бір кәсіпкер үшін 7 (жеті) млрд. теңгеден аспауға тиіс. Егер бірнеше үлестес кәсіпкерлерге бір бизнес-жобаны іске асыру үшін кредит берілген жағдайда, онда бұл сома 7 (жеті) млрд. теңгеден аспауға тиіс.

Бір бизнес-жоба болып бір мезгілде келесі 2 (екі) өлшемшарттарға сәйкес келетін екі және одан да көп жобалардың жиынтығы саналады:

жоба бір объект ретінде іске асырылады (физикалық немесе технологиялық тұрғыдан ажырағысыз байланысқан бірыңғай ғимарат/құрылыс/объект болып табылады);

жоба ЭҚЖЖ бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылады.

Даму банкі қаржыландыратын жобалар бойынша субсидияланатын кредиттің ең жоғары сомасы шектелмейді. Қаржыландыру сомасы 5 (бес) млрд. теңгеден асатын даму банкінің қаржылық лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша жүзеге асырылады.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қолданыстағы барлық кредиттерді ескере отырып, «жасыл» жобаны іске асыру үшін берілетін кредит сомасы бір кәсіпкер үшін 7 (жеті) млрд. теңгеден аспайды. Егер бірнеше үлестес кәсіпкерлерге бір бизнес-жобаны іске асыру үшін кредит берілген жағдайда, онда бұл сома 7 (жеті) млрд. теңгеден аспайды.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын жекелеген кәсіпкерлік субъектілері кредиттерінің/қаржылық лизинг шарттарының жиынтық портфелі 100 (жүз) млрд. теңгеден аспайды.

Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда, кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.

Бұл ретте 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттік лимиті бар жобалар бойынша субсидиялау Бағдарламаның бұрын мақұлданған шарттарымен жүзеге асырылады.»;

43-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«43. Инвестицияға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, оның ішінде «жасыл» жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.»;

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қаржы агенттігінің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның/тікелей инвестициялар қорының/кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.»;

45, 46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«45. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/тікелей инвестициялар қорында/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

46. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша қаржы агенттігі мақұлдаған жобалары басқа банктерде/тікелей инвестициялар қорларында/лизингтік компанияларда/даму банкінде субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландырылуы мүмкін.

47. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, сондай-ақ «жасыл» жобаларды іске асыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған, банктердің кредиттері бойынша субсидиялауға жататын шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу осы тармақта белгіленген шарттарда жүзеге асырылады.»;

49-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Даму банкінің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау субсидиялау мерзімі шектелмей жүзеге асырылады, бұл ретте даму банкінің субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылдан асатын жобаларын Мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша субсидиялауға жол беріледі.»;

50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«50. Мыналарды:

1) кәсіпкер бастамашылық жасаған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) қоспағанда, Бағдарлама шеңберінде банк/даму банкі/лизингтік компания кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға, оның ішінде «жасыл» жобаны іске асыру үшін берілген кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

51. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын/мезониндік келісімді және (немесе) қарызды, оның ішінде «жасыл» жобаны іске асыру үшін берілген кредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы жылы өтейді.

Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе басқа да төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына қол қойған нақты күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге қайтарылуға жатады.

Банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдерді Субсидиялау қағидаларының осы тармағында көрсетілген мерзімде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.»;

мынадай мазмұндағы 53-2, 53-3 және 53-4-тармақпен толықтырылсын:

«53-2. Тікелей инвестициялар қоры мезониндік қаржыландыруының және (немесе) қарызының ең жоғары сомасы Мемлекеттік комиссияның ұсынымы.

53-3. Тікелей инвестициялар қорының инвестицияларға, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыруға бағытталған мезониндік қаржыландыруы және (немесе) қарызы бойынша субсидиялау мерзімі Мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша айқындалады.

53-4. Тікелей инвестициялар қорының теңгедегі мезониндік қаржыландыруы және (немесе) қарызы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша айқындалады.»;

88 және 89-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«88. Кәсіпкер банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға/тікелей инвестициялар қорына:

1) жаңа кредит/қаржылық лизинг шарты/мезониндік келісім және (немесе) қарыз, оның ішінде «жасыл» жобаны іске асыру үшін кредит бойынша Бағдарламаға/Тетікке сәйкес келетін шарттарда банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның/тікелей инвестициялар қорының ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген нысан бойынша кредит беруге/қаржыландыруға/мезониндік қаржыландыруға және (немесе) қарызға арналған өтінішпен;

2) қолданыстағы кредит/қаржылық лизинг шарты/мезониндік келісім және (немесе) қарыз, оның ішінде «жасыл» жобаны іске асыру үшін кредит бойынша осы Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

89. Банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және кредит/лизинг/мезониндік қаржыландыру және (немесе) қарыз беру немесе кредит/лизинг/мезониндік қаржыландыру және (немесе) қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламада/Тетікте белгіленген мөлшерге дейін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда, қаржы агенттігіне хабарлай отырып, 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жазбаша жауап жолдайды.

Бағдарлама шеңберінде «жасыл» жобаны іске асыру үшін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында жобаны қарау кезінде оны «жасыл» таксономияның белгілі бір кіші секторына жатқызу жобаның мәлімделетін мақсатына және шеңберінде жобаны іске асыру жоспарланып отырған экономикалық қызмет түріне сәйкес жүзеге асырылады. «Жасыл» таксономияның тиісті кіші секторы бойынша шекті шектеулер болмаған жағдайда, қаралатын жобаны «жасыл» таксономияның белгілі бір кіші секторына жатқызуды банк/даму банкі дербес жүзеге асырады. Бағдарлама шеңберінде қарыз алушыға қаржылық қолдау алуға жәрдемдесу мақсатында банк/даму банкі қарыз алушыны қаржы агенттігіне қайта жібереді және осы қолдауды алу шарттарын түсіндіреді, оның ішінде қаржы агенттігіне қаралатын жобаның «жасыл» таксономияның шекті шектеуіне сәйкестігі туралы сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын ұсынудың ықтимал қажеттілігі туралы хабарлайды.

«Жасыл» таксономия қаралатын жоба жататын белгілі бір кіші сектор бойынша шекті шектеуді көздеген жағдайларда, өтініш берушінің қаржы агенттігіне іске асырылуы көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан жобаның «жасыл» таксономияның шекті мәніне сәйкестігі туралы сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын ұсынуы Бағдарлама шеңберінде қаржылық қолдау алудың міндетті шарты болып табылады.

Жобаларды сыртқы бағалау провайдерлерінің санаттары бойынша «жасыл» таксономияның шекті мәндеріне сәйкестігіне жекелеген ережелер, олар дайындайтын қорытындылардың форматы мен мазмұнына қойылатын талаптар осы Субсидиялау қағидаларының 9-1-тарауында белгіленеді. «Жасыл» таксономияны қолдану Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін «жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Шекті өлшемшарт сертификаттау/таңбалау («жасыл» құрылыс, энергия тиімділігі, органикалық өнім өндіру, көлік және т.б. саласындағы «жасыл» таксономияда көрсетілген стандарттар мен таңбаланымдардың талаптарына сәйкестікті растау) болып табылатын жағдайларда, тиісті сертификаттарды/таңбаланымдарды ұсыну жеткілікті растау (сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысына балама) болып табылады. Белгіленген жоба бойынша стандарттарға, таңбаларға және талаптарға жоспарланған сәйкестік мәлімделетін жағдайларда ғана сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын алу талап етіледі. Кейіннен осы стандарттарға, таңбалануға және талаптарға сәйкестікті куәландыратын сертификаттар мен құжаттардың көшірмелері қаржыландырудың мақсатты пайдаланылуын растау болып табылады.»;

мынадай мазмұндағы 89-1-тармақпен толықтырылсын:

«89-1. Кәсіпкер тікелей инвестициялар қорының мезониндік келісімі және (немесе) қарызы бойынша мөлшерлемені субсидиялау мақсаттары үшін Мемлекеттік комиссияның оң шешімін алады.»;

90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«90. Банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның/тікелей инвестициялар қорының оң шешімі бар кәсіпкер қаржы агенттігіне осы Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнамамен жүгінеді, оған мыналар қоса беріледі:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат (кәсіпкердің қолымен және мөрімен (бар болса) расталған көшірме), жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

2) мыналарды қамтитын кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары:

Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары шеңберінде жобаны іске асыруға меншікті қаражатының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) және/немесе 180 (бір жүз сексен) млн теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша үшінші тұлғалар мүлкінің қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері (бұл ретте мүліктің мұндай қатысуы жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде қамтамасыз етіледі);

қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап
2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);

Тетік бойынша:

жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап
3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу шарты;

жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде
50 %-дан аспайтын мөлшерде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу шарты (Тетіктің талаптарына сәйкес салықтар төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса);

4) «жасыл» жоба бойынша сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы/сертификат («жасыл» жобаны іске асыру мақсаттары үшін кредит алуға өтініш берген кезде);

5) тікелей инвестициялар қорларының мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша мөлшерлемені субсидиялау мақсаттары үшін Мемлекеттік комиссияның оң шешімін растайтын құжаттың көшірмесі.

Кәсіпкер Бағдарламаның өңірлік/жергілікті үйлестірушісіне Бағдарламаға қатысу үшін өтінім дайындау және құжаттар жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін жүгіне алады.

Кәсіпкер өтінім берген сәтте сұратылып отырған кезең үшін салық берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың болуы талап етіледі.»;

91-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«91. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда, қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, банкке/даму банкіне/тікелей инвестициялар қорына/лизингтік компанияға/кәсіпкерге ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады.»;

96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«96. Қаржы агенттігі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттама ресімдеп, қол қояды және оң шешім болған жағдайда – осы Субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен хаттамадан үзінді көшірмені, ал теріс шешім болған
жағдайда – осы Субсидиялау қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен хаттамадан үзінді көшірмені (бұдан әрі – тиісті хат) банкке/даму банкіне/тікелей инвестициялар қорына/лизингтік компанияға және кәсіпкерге жібереді.»;

98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«98. Кәсіпкер осы Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық өтінім береді, оған мыналар қоса беріледі:

1) кәсіпкердің жобаны іске асыру бизнес-жоспары не жоба бойынша сараптамалық қорытынды (банктің/лизингтік компанияның/тікелей инвестициялар қорының тиісті жұмыскерінің техникалық-экономикалық қорытындысы/экономикалық қорытындысы, бұл құжаттар болмаған жағдайда жобаның мәнін ашатын басқа құжаттар);

2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекет аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

3) банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның/тікелей инвестициялар қорының Бағдарламаға/Тетікке қатысуға мүмкіндік беретін шарттармен кредит/мезониндік қаржыландыру және (немесе) қарыз беру/қаржылық лизинг шартын жасау немесе кәсіпкердің кредиті/мезониндік келісімі және (немесе) қарызы/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының сканерленген көшірмесі;

4) сыртқы бағалау провайдері қорытындысының/сертификаттың сканерленген көшірмесі («жасыл» жобаны іске асыру мақсаттары үшін кредит алуға өтініш берген кезде);

5) тікелей инвестициялар қорларының мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша мөлшерлемені субсидиялау мақсаттары үшін Мемлекеттік комиссияның оң шешімін растайтын құжаттың көшірмесі.»;

109 және 110-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«109. Банк/даму банкі/тікелей инвестициялар қоры/лизингтік компания қаржы агенттігінен қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде қаржы агенттігі, банк/даму банкі/тікелей инвестициялар қоры/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға/тікелей инвестициялар қорына субсидиялау шартына өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

110. Банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры Бағдарлама шеңберінде қолданыстағы кредит/лизинг/мезониндік қаржыландыру және (немесе) қарыз бойынша субсидиялау шартына қол қойылған кезге дейін кәсіпкердің банктік қарыз шартында/мезониндік келісімде және (немесе) қарыз шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарады, ал жаңа/қолданыстағы кредиттер/мезониндік қаржыландыру және (немесе) қарыздар/қаржылық лизинг шарттары бойынша банк/даму банкі/тікелей инвестициялар қоры/лизингтік компания мыналарды:

1) кәсіпкер бастамашылық жасаған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

2) кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) қоспағанда, кәсіпкерден комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттенеді.»;

112, 113, 114, 115, 116, 117 және 118-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«112. Субсидиялау шартын:

1) банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры:

қаржы агенттігінен хаттама/шешім алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

2) қаржы агенттігі:

банктен/даму банкінен/лизингтік компаниядан/тікелей инвестициялар қорынан субсидиялау шартын алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасайды.

Субсидиялау шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте субсидиялау шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.

113. Егер банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры осы Субсидиялау қағидаларының 112-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде субсидиялау шартын уақтылы жасаспаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры кідірту себептерін түсіндіре отырып, қаржы агенттігіне ресми хатпен хабардар етеді.

114. Егер банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының/мезониндік келісімінің/қарыз шартының және/немесе субсидиялау шартының талаптары қаржы агенттігі уәкілетті органының шешіміне, Бағдарлама/Тетік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі банкті/даму банкін/лизингтік компанияны/тікелей инвестициялар қорын және кәсіпкерді 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

115. Банк/даму банкі/тікелей инвестициялар қоры/лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.

116. Банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, қаржы агенттігі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады.

117. Субсидиялау шарты кәсіпкер, банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры және қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартында субсидиялау шартына қол қойған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын, алайда қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен ерте емес мерзімге белгіленуі мүмкін.

118. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры дербес айқындайды. Егер кредит/лизинг/мезониндік қаржыландыру және (немесе) қарыз бойынша сыйақыны есептеу субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры қол қойған күннен кейінгі күні басталған жағдайда, субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.»;

121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«121. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар/тікелей инвестициялар қорлары қаржы агенттігімен келісу бойынша банк-төлем агентін айқындайды, онда лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры субсидияларды аудару үшін ағымдағы шот ашады.»;

124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131 және 132-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«124. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) банктегі/банк-төлем агентіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін қаржы агенттігі қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін электрондық пошта бойынша жіберу арқылы банкті/даму банкін/лизингтік компанияны/тікелей инвестициялар қорын бір мезгілде хабардар етеді. Хабарламада банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның/тікелей инвестициялар қорының атауы, кәсіпкердің өңірі, атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүзеге асырылған кезең көрсетіледі.

125. Банктің/даму банкінің/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі төмендеген және өзге де қаржылық жағдайының нашарлау белгілері орын алған кезде (бір немесе бірнеше жағдайлардың басталуы) оның ішінде:

Standard&Poors рейтингтер шәкілі бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктер беретін кредиттік рейтингі «В» деңгейінен төмендеген кезде;

К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген кезде;

пруденциялық нормативтер қатарынан 2 (екі) ай бойы бұзылған кезде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның/тікелей инвестициялар қорының кәсіпкердің кредит бойынша (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы бөлігі) толық төлем жүргізу фактісі туралы хабарламасының негізінде не субсидиялау шарттарына төлем кестелерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін өтейтін төлемдермен жүзеге асырады.

Банкте/даму банкінде/банкте-төлем агентінде жоғарыда аталған көрсеткіштер түзетілген жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

126. Банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялар сомасын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Банк/даму банкі/банк-төлем агенті шоттардағы қаражатты жалпы ағымдағы қалдықтардан есептеп шығара алмайды.

127. Кәсіпкер банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға/тікелей инвестициялар қорына банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына/мезониндік келісімге және (немесе) қарыз шартына өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізеді.

128. Кәсіпкердің кредит/лизинг/мезониндік қаржыландыру және (немесе) қарыз бойынша (негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі) төлемді толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша банк/даму банкі/банк-төлем агенті кәсіпкердің кредиті/мезониндік қаржыландыруы және (немесе) қарызы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.

129. Кәсіпкер кредит/лизинг/мезониндік қаржыландыру және (немесе) қарыз бойынша жоспарлы төлемді нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік
30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын есептен шығарған жағдайда (кәсіпкер кредит/лизинг/мезониндік қаржыландыру және (немесе) қарыз бойынша жоспарлы төлемді өтеген күнге қаржы агенттігінің шотында қаражат болған кезде) банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

130. Банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры кәсіпкер берешекті өтегенге дейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және мынадай:

1) кәсіпкер банк/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған;

2) кәсіпкер лизингтік компания/банк алдында лизингтік төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамаған жағдайларда, бұл туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен хабардар етеді.

131. Осы Субсидиялау қағидаларының 130-тармағының 1) және
2) тармақшаларында көзделген жағдайлар орын алған күннен бастап күнтізбелік
30 (отыз) күн өткен соң хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

132. Қаржы агенттігі Бағдарлама/Тетік шеңберінде кредит бойынша ай сайын/лизинг бойынша тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейін/мезониндік келісім және/немесе қарыз шарты бойынша жарты жылда бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға осы Субсидиялау қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.»;

133-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«133. Кәсіпкердің банктік қарыз шартының/мезониндік келісімінің және/немесе қарыз шартының талаптарына, қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі Бағдарлама шеңберінде банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңін берген/мерзімін кейінге шегерген кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыра алады.»;

135, 136, 137 және 138-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«135. Егер банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының/мезониндік келісімнің және/немесе қарыз шартының шарттарын (кредиттің/лизингтің/мезониндік қаржыландырудың және (немесе) қарыздың сомасы және (немесе) сыйақы мөлшерлемесі, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезең/мерзімін кейінге шегеру, өтеу күні, кәсіпкер атауының өзгеруі/борышты аудару) өзгерткен жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры қаржы агенттігіне кредиттер/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдер және (немесе) қарыздар бойынша тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасын қоса бере отырып, қолданыстағы қаржыландыру шарттарына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қолданыстағы қаржыландыру шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарына жүргізілген өзгерістер хаттамада/шешімде анық көрсетіледі.

136. Қаржы агенттігі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға/тікелей инвестициялар қорына хаттамадан үзінді көшірме жібереді.

137. Қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының/мезониндік келісімінің және/немесе қарыз шартының талаптарындағы өзге де өзгерістер туралы банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қолданыстағы қаржыландыру шарттарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және қаржыландыру шартына жүргізілген өзгерістерді хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады.

Бұл ретте қаржыландыру шарттарына жүргізілген өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетіледі.

138. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагердің (мұрагерлердің) мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагердің (мұрагерлердің) мұрагерлік құқығы басталған жағдайда, субсидиялауды қайта бастау туралы мәселе қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарылады.»;

мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен толықтырылсын:

«9-1 тарау. «Жасыл» жобаларды іске асыруға арналған кредиттер бойынша сыйақыны субсидиялау шеңберінде жобаларды сыртқы бағалау

139-1. «Жасыл» кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде «жасыл» жобалардың «жасыл» таксономияға сәйкестігіне сыртқы бағалауды төменде келтірілген санаттардағы, жобаларды ұстаушыларға, өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндірушілерге (орындаушыларға), өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілер мен тұтынушыларға тәуелсіз, жобалардың қоршаған ортаға әсерін бағалау немесе шаруашылық және өзге де қызметтің «жасыл» таксономияның нақты қосалқы секторларына қатысты экологиялық, салалық, санитариялық құрылыс талаптары мен нормаларына сәйкестік саласында расталатын құзыреті бар түрлі меншік нысанындағы ұйымдар жүргізе алады.

139-2. Тексеру жүргізу қорытындылары бойынша сыртқы бағалау провайдері жобаның «жасыл» таксономияда көзделген шекті мәндерге сәйкестігі туралы мынадай қорытындылардың бірімен қорытынды шығарады:

1) сәйкес келеді;

2) сәйкес келмейді.

Берілген қорытындының қолданылу мерзімі 6 (алты) айды құрайды.

139-3. Сыртқы бағалау провайдерлерінің көзделіп отырған және қаралып отырған жобалардың «жасыл» таксономияның шекті мәндеріне сәйкестігі туралы қорытындыларының атаулары әртүрлі болуы мүмкін, оның ішінде «Қазақстан Республикасының «жасыл» таксономиясына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды», «сәйкестігі туралы қорытынды» және тағы басқа. Сыртқы бағалау қорытындысын ресімдеу тәртібі жобаның белгілі бір түріне және бағалау жүргізілетін шекті өлшемшарттың ерекшелігіне байланысты айқындалады.

139-4. Тәуелсіз бағалау қорытындысына сыртқы бағалауды жүзеге асыратын ұйымның сарапшысы мен басшысы қол қояды және ол ұйым мөрімен (бар болса) расталады. Егер қорытындыға есеп айырысу құжаттары қоса берілсе, оларға сарапшы/басшы қол қояды және мөрмен (бар болса) расталады. Қорытынды қысқа сипатта болады және бір парақта баяндалуы мүмкін. Қорытынды кіріспе, негіздейтін (талдамалық) ақпаратты, қорытындыларды, сондай-ақ өзінің құзыретін растайтын құжаттардың, лицензиялардың, аккредиттеу туралы куәліктердің (оның ішінде, қажет болған кезде, ұйымның тартылған қызметкерлерінің) көшірмелері қоса берілген сыртқы бағалау провайдері туралы ақпаратты қамтиды. Қорытындының кіріспе бөлігінде бағалау және оның негіздері туралы жалпы мәліметтер беріледі, талдау бөлігінде талдау алгоритмі, белгіленген фактілер және қажет болса, негіздемеде пайдаланылған анықтамалық-нормативтік құжаттарға, материалдар мен есептерге сілтемелер қысқаша баяндалады.

139-5. Көзделіп отырған және қаралып отырған жобалардың «жасыл» таксономияның шекті мәндеріне сәйкестігі туралы сыртқы бағалау провайдерлері, сондай-ақ жоба бойынша кәсіпкер мәлімдеген «жасыл» таксономияның көрсеткіштері мен шекті өлшемшарттарының кейіннен орындалуын сыртқы тексеруді жүзеге асыратын ұйымдар мынадай санаттарда ұсынылуы мүмкін:

1) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган аккредиттеген сәйкестікті растау жөніндегі органдар, сондай-ақ мәртебесі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының аккредиттеуімен расталатын сәйкестікті растау жөніндегі шетелдік органдар;

2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган лицензиялаған, табиғат қорғауға қатысты жобалау мен нормалау, экологиялық сараптама және экологиялық аудит саласындағы ұйымдар (экологиялық аудиторлар);

3) «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» акционерлік қоғамы жүргізетін энергия-аудиторлық сараптамаларды талдау нәтижелері бойынша ескертулері жоқ энергия-аудиторлық ұйымдар;

4) АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің жасыл қаржыландыру саласындағы лицензиясы бар консалтингтік компаниялар;

5) жаңа ғимараттар салуға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ғимараттар мен құрылыстарды өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыруға сараптама ұйымы өкілеттіктерінің құзыретін аккредиттеу жөніндегі уәкілетті орган аккредиттеген мемлекеттік сараптама ұйымдары немесе мемлекеттік емес сараптама ұйымдары болып табылады;

6) «жасыл» технологиялардың сервистік операторы – «жасыл» технологиялар мен жобалардың тізілімін жүргізу, «жасыл» технологияларды коммерцияландыру және технологиялық бизнес-инкубациялау, «жасыл» жобаларды іске асыру үшін «жасыл» қаржыландыруды, оның ішінде инвестициялар мен гранттарды тартуға жәрдемдесу, «жасыл экономика» мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық, құқықтық, әдіснамалық, консультациялық және сараптамалық-талдамалық қолдауды жүзеге асыру «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы бойынша халықаралық ынтымақтастықты және тәжірибе алмасуды ұйымдастыру бойынша кешенді қызметтер көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы;

7) мақұлданған халықаралық верификатор ретінде климаттық облигациялар бастамасын (Climate Bonds Initiative) аккредиттеу туралы куәлігі бар халықаралық және ұлттық аудиторлық және консалтингтік ұйымдар.

139-6. Cыртқы бағалау қорытындыларын қарау кезінде тиісті біліктілік құжаттарының көшірмелері және/немесе олардың тиісті ресми жарияланатын тізілімдерге енгізілуі олардың құзыретін жеткілікті растау болып табылады.»;

140 және 141-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«140. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның/тікелей инвестициялар қорының өтінішхаттары (хабарламалары) негізінде, сондай-ақ мониторингтеу нәтижелері негізінде қабылдайды.

141. Қаржы агенттігі банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның/тікелей инвестициялар қорының хабарламалары негізінде және/немесе мониторингтеудің мынадай нәтижелері негізінде:

1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті мақсатсыз пайдаланылуы, бұл ретте субсидиялау кредит қаражатын/лизингтік мәмілелерді/мезониндік қаржыландыру және (немесе) қарыз мәмілелерін мақсатсыз пайдалану сомасына барабар түрде тоқтатыла тұрады;

2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын жеткілікті алмауы;

3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарлама шарттарына және/немесе уәкілетті органның шешіміне сәйкес келмеуі;

4) төтенше жағдайдың/ахуалдың қолданысы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің банктік қарыз шартына/субсидиялау шартына төлемдер кестесіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

5) төтенше жағдайдың/ахуалдың қолданысы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің қаржылық лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес лизингтік төлемдерді жасау бойынша лизингтік компания/банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;

6) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап- арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын талап ету;

8) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап
2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша міндеттемелерді орындамауы (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша);

9) кәсіпкерлердің Тетік шеңберінде мынадай:

жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап
3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу;

жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде
50 %-дан аспайтын мөлшерде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу міндеттемелерін орындамау бойынша (Тетік талаптарына сәйкес салықтар төлеуден босатылмаған кәсіпорындар, салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);

жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу шарты бойынша (Тетіктің талаптарына сәйкес салықтар төлеуден босатылмаған кәсіпорындар, салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);

10) төтенше жағдай/ахуал кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің мезониндік келісімге және/немесе қарыз шартына сәйкес тікелей инвестициялар қоры алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді
180 (бір жүз сексен) күнтізбелік күн ішінде орындауы бойынша кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады.»;

142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«142. Қаржы агенттігі осы Субсидиялау қағидаларының 141-тармағында көрсетілген фактілер анықталғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату не қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

Бұл ретте қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімінде субсидиялауды тоқтату/қайта бастау туралы негіздеме көрсетіледі.

Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатқан күннен бастап жүзеге асырылады, бұл ретте кредитті/лизингтік мәмілені/мезониндік қаржыландыру мәмілесін және (немесе) қарызды мақсатсыз пайдаланған кезде субсидиялау кредит қаражатын/лизингтік мәмілелерді/мезониндік қаржыландыру мәмілелерін және (немесе) қарызды мақсатсыз пайдалану сомасына барабар түрде тоқтатылады. Мақсатқа сай пайдаланылуын растайтын кредиттің/лизингтің/мезониндік қаржыландырудың және (немесе) қарыздың қалған бөлігі бойынша және кәсіпкер мақсатсыз пайдаланудың мөлшеріне барабар түрде төленген субсидиялар сомасын қайтарған жағдайда, субсидиялау төлемдер кестесіне сәйкес жалғастырылады.»;

144-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«144. Қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімі шыққан күннен бастап
1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі хаттамадан үзінді көшірмені ресімдейді және тиісті хабарламамен/хатпен банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға/тікелей инвестициялар қорына жібереді.»;

146-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«146. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен кәсіпкерге, банкке/лизингтік компанияға/тікелей инвестициялар қорына субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебі көрсетіледі.»;

147-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) кәсіпкер банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры алдындағы банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты/мезониндік келісімі және (немесе) қарыз шарты бойынша кредитін/мезониндік қаржыландыруды және (немесе) қарызды толық өтесе (кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға/тікелей инвестициялар қорына кредитті/лизингті/мезониндік қаржыландыруды және (немесе) қарызды толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);»;

148, 149, 150, 151, 152, 153 және 154-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«148. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры қолданыстағы кредит/лизинг/мезониндік қаржыландыру және (немесе) қарыз бойынша кәсіпкерге бұрын қолданыста болған қаржыландыру шарттарын (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және өзге де шарттарды) белгілейді.

149. Кәсіпкер кредит/лизинг/мезониндік қаржыландыру және (немесе) қарыз бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры қаржы агенттігін кредит/лизинг/мезониндік қаржыландыру және (немесе) қарыз бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

150. Кәсіпкер негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң хабардар еткен/хабардар етпеген етпеген жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

151. Кәсіпкердің кредит/лизинг/мезониндік қаржыландыру және (немесе) қарыз бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайда, бір мезгілде банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу графигін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісіммен қоса банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына/мезониндік келісімге және (немесе) қарыз шартына қосымша келісімнің көшірмесін не банктің/лизингтік компанияның/тікелей инвестициялар қорының электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдерді өтеудің өзгертілген графигі және төленуге тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып, банктің/лизингтік компанияның хатын жібереді.

152. Кәсіпкердің кредиті/лизингі/мезониндік қаржыландыруы және (немесе) қарызы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкердің кредит/лизинг/мезониндік қаржыландыру және (немесе) қарыз бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысуды салыстырып қарау актісін ұсынады.

Бұл ретте банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры салыстырып қарау актісінде субсидияларды нақты есептен шығару сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидияларды аудару сомалары мен күндерін көрсетеді.

153. Кәсіпкердің мақсатсыз пайдаланылуы анықталған кредиті/мезониндік қаржыландыруы және (немесе) қарызы бойынша банк/даму банкі/тікелей инвестициялар қоры қаржы агенттігіне құжаттарды кредиттің мақсатсыз пайдаланылу фактісін растайтын құжаттармен қоса ұсынады.

154. Субсидиялау қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

Қаржы агенттігінің функцияларына:

1) банк/даму банкі/тікелей инвестициялар қоры ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мезониндік қаржыландыруды және (немесе) қарызды мақсатты пайдалануын мониторингтеу;

2) банк/даму банкі/лизингтік компания/тікелей инвестициялар қоры ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингтеу;

3) жобаның іске асырылуын (қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалануды) мониторингтеу;

4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің Бағдарламаның/Тетіктің талаптарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігі тұрғысынан мониторингтеу жатады.

«Жасыл» кредиттер бойынша қаржылық қолдау қаражатының мақсатты пайдаланылуын мониторингтеу шеңберінде қаржы агенттігі провайдерлердің сыртқы бағалауы негізінде, егер шекті өлшемшарттарда мыналар:

1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндері;

2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлері;

3) қалдықтардың үлесін азайту/кәдеге жарату;

4) су тұтынуды төмендету;

5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестігі (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көзделген жағдайларда, қарыз алушының көзделіп отырған «жасыл» жоба бойынша өтінім берген «жасыл» таксономияның шекті өлшемшарттарына қол жеткізуін тексереді. 

Сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын қарыз алушы ұсынады.

Жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң қарыз алушы мәлімделген көрсеткіштерге қол жеткізуге тиісті тәуелсіз бағалау не қаржы агенттігіне ұсынылатын энергия аудитін жүргізеді. Қарыз алушы мәлімдеген жоба бойынша «жасыл» таксономияның шекті өлшемшарттарының кейіннен орындалуына сыртқы тексерулерді жобаның «жасыл» таксономияның шекті өлшемшарттарыне сәйкестігі туралы бастапқы қорытындыны берген бағалау провайдерлері жүргізуі мүмкін.»;

көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)/«Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – тетік) шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес кредит/қаржылық лизинг шарты/«жасыл» жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені қаржы агенттігінің _____________________ жөніндегі уәкілетті органының қарауына шығаруға бастамашылық етуіңізді сұраймын:»;

2-кіші бөлімнің кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Кредиттік желі ашу/банктік қарыз беру туралы мәліметтер

Банктің/лизингтік компанияның/тікелей инвестициялар қорының атауы

 

Кредиттің нысаналы мақсаты

 

«Жасыл» жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кредит болған жағдайда:

«жасыл» жоба жататын «жасыл» таксономия санаты/санаттары

 

Кредит/лизинг сомасы

 

Сыйақы мөлшерлемесі

 

Кредит валютасы

 

Кредит/лизинг мерзімі

 

Бағдарлама шеңберінде өзінің қатысуы*

 

*Сомасы 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асыруға меншікті қаражатының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-ынан төмен болмайтын деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Кредит бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.»;

6-кіші бөлімнің кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ сәйкес)

 

Кіші сала (ЭҚЖЖ сәйкес)

 

Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері

 

Жылдық айналым

 

Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын

 

Жұмыскерлердің/оның ішінде әйелдердің нақты саны

 

Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)

 

«Жасыл» облигацияға қатысты:

«жасыл» жоба жататын «жасыл» таксономия санаты/санаттары

 

Жобаның іске асырылатын жер (облыс, қала)

 

Жұмыс орындарының саны

 

»;

көрсетілген Қағидаларға 6 және 7-қосымшаларда:

«Көшірме: акционерлік қоғам (екінші деңгейдегі банк)/жауапкершілігі шектеулі серіктестік (лизингтік компания) «_______________________» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Көшірме: «_______________________» акционерлік қоғамы (екінші деңгейдегі банкі)/жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (лизингтік компания)/тікелей инвестициялар қоры»;

көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Мыналарды:

1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтырудан басқа);

2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер іске асыратын жобаларды (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

3) ломбардтардың, микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, жобаларды салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар болып табылады.

26. Мыналар:

1) мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыру шарттарын қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған қаржыландыру;

2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

3) овердрафт түріндегі;

4) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша;

5) кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері мынадай қызмет түрлері бойынша іске асыратын жобалар бойынша: тұрғын ғимараттар құрылысы, оның ішінде жеке тұрғын үйлер (ЭҚЖЖ 41.20.1); Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары үшін 1-санаттағы стационарлық сауда объектілерін салу (ЭҚЖЖ 41.20.3); көппәтерлі және тұрғын үйлерді (жекежайларды) сатып алу және сату (ЭҚЖЖ 68.10.1); басқа жылжымайтын мүлікті: көрме залдарын, қойма үй-жайларын сатып алуды және сатуды қоспағанда, басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату (ЭҚЖЖ 68.10.2), жекелеген кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ меншікті жылжымайтын мүлікті: тұрғын емес өндірістік ғимараттарды (үй-жайларды); көрме залдарын, конференц-залдарды, қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын, оның ішінде жеке меншік теміржол кірме жолдары, тіркелген кеден қоймалары, магистральдық құбыржолдардың және газ тарату жүйелерінің қажеттіліктері үшін сұйықтықтарды (мұнай өнімдерін) сақтау резервуарлары, жер учаскелері, технологиялық ресурстарды орналастыру мақсатында өндірістік үй-жайлардың шатырлары барларын жалға беруді және басқаруды қоспағанда, меншікті жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару (ЭҚЖЖ 68.20.1), жекелеген кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ жалға алынатын жылжымайтын мүлікті: тұрғын емес өндірістік ғимараттарды (үй-жайларды), көрме залдарын, конференц-залдарды, қойма үй-жайларын және қойма алаңдарын, оның ішінде жеке меншік теміржол кірме жолдары, тіркелген кеден қоймалары, сұйықтықтарды (мұнай өнімдерін) сақтау жөніндегі резервуарлары, жер учаскелері, технологиялық ресурстарды орналастыру мақсатында өндірістік үй-жайлардың шатырлары барларын қоспағанда, жалға алынатын жылжымайтын мүлікті (ЭҚЖЖ 68.20.2) жалға алу (қосалқы жалдау) және пайдалану; жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және олардың лизингі (ЭҚЖЖ 77.11), бұл шектеулер отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға және лизингке беруге қатысты емес;

6) ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының және лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған қаржыландыру субсидиялауға жатпайды.

Ислам банкі/исламдық лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді тиісті қаржы жылында кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.»;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Эмитенттердің облигациялары, оның ішінде қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне және (немесе) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) тізіміне енгізілген «жасыл» облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

3. Эмитенттердің облигациялары, оның ішінде АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген «жасыл» облигациялар және (немесе) «жасыл» облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау эмитенттер облигациялар бойынша сыйақы түрінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің кәсіпкерлермен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.»; 

7-тармақта:

1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1) АХҚО қор биржасы – АХҚО-да қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;»;

мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4) және 1,5) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-3) АХҚО қор биржасының «жасыл» облигацияларды шығару жөніндегі актісі – АХҚО биржалық реттеу шеңберіндегі Капитал нарықтарының халықаралық қауымдастығы әзірлеген «жасыл» облигациялар шығарылымының халықаралық стандартына және қолайлы жобаларды айқындау және іріктеу, тартылған қаражатты мақсатты пайдалану және басқару, сыртқы бағалау, есептілік және ақпаратты ашу бөлігінде басқа да танылған стандарттарға сәйкес АХҚО қор биржасында «жасыл» облигацияларды шығару тәртібін регламенттейтін нормативтік құжат;

1-4) АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі – АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, АХҚО-ның Қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті берген лицензия негізінде депозитарлық қызметті жүзеге асыратын жеке компания;

1-5) АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің қағидалары – АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара қарым-қатынасының шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;»;

мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:

«4-1) «жасыл» жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

4-2) «жасыл» облигация – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері шығаратын және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және «жасыл» жобаларды іске асыру мақсатында ақша қаражатын тарту үшін АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген, тіркелген кірісі бар борыштық құрал;

4-3) «жасыл» облигациялардың қағидаттары – Капитал нарықтарының халықаралық қауымдастығы әзірлеген «жасыл» облигациялар шығарылымының халықаралық ерікті стандарты және (немесе) (Climate Bond Initiative) климаттық бондтар бастамасының климаттық бондтар стандарты;

4-4) «жасыл» таксономия – Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес «жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасы;»;

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) купондық сыйақы мөлшерлемесі – облигация шығарылымының проспектісінде белгіленген және облигация орналастыру салдарынан эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін мерзімдік негізде төлеуге жататын купондық сыйақының пайызда көрсетілген мөлшері;»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар – эмитент шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген облигациялар, оның ішінде «жасыл облигациялар», сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес кәсіпкерлік субъектілері шығарған және олар бойынша қаржы агенттігі купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыратын АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген «жасыл» облигациялар;»;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі болатын, сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға;»;

22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«22) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі мен эмитент арасында жасалатын екіжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар, оның ішінде «жасыл» облигациялар, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарған және АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген «жасыл» облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды;»;

мынадай мазмұндағы 23-1) және 23-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«23-1) сыртқы бағалау («жасыл» облигация шығару арқылы қаржыландырылатын жоба бойынша) – «жасыл» жобаның «жасыл» таксономияда көзделген шекті мәндердің сақталуы бөлігінде «жасыл» таксономия жобаларының кіші секторларына сәйкестігін тексеруді қоса алғанда, «жасыл» облигациялардың Капитал нарықтары халықаралық қауымдастығының «жасыл» облигациялар қағидаттарының және басқа да танылған стандарттардың негізгі элементтеріне сәйкестігін бағалау рәсімі;

23-2) сыртқы бағалау провайдері – тиісті қорытынды дайындай отырып, «жасыл» облигация шығару арқылы қаржыландырылатын іске асырылуы көзделген немесе іске асырылып жатқан «жасыл» жоба бойынша тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйым;»;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. «Жасыл» жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес «жасыл» облигацияларды шығаруды және орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер де Бағдарлама қатысушылары бола алады.»;

10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын эмитент облигациялары, оның ішінде «жасыл» облигациялар шығарылымының жиынтық номиналды құны бір эмитент үшін 7 (жеті) млрд. теңгеден аспайды.»;

мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

«11-1. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген, шығарылым проспектісінде облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты жаңа және/немесе қолданыстағы «жасыл» жобаларды қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру болып табылатыны көрсетілген «жасыл» облигациялар бойынша жүзеге асырылады.»;

12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және қор биржасы мен (немесе) АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, облигациялар шығарылымының проспектісінде облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларын қоспағанда, заманауи форматтағы сауда объектілерін салу болып табылатыны көрсетілген облигациялар бойынша сауда объектілері мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде жүзеге асырылуы мүмкін:

1) Шымкент қаласында сауда ауданы 3 (үш) мың шарты метрден кем емес;

2) облыстарда сауда алаңы 1 (бір) мың шаршы метрден кем емес.

13. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі, оның ішінде «жасыл» облигациялар бойынша 7 (жеті) пайыздық тармақты құрайды.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын облигацияларды шығару проспектісіне бүкіл субсидиялау мерзімі ішінде Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығында белгіленген жағдайларды қоспағанда, қаржы агенттігінің уәкілетті органымен келісу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.»;

17-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жасыл» облигацияларға қатысты субсидиялау мерзімі – субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жыл. Субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі «жасыл» жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Эмитенттің купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялары номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде есепке алынады. Купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялармен жасалған мәмілелерді тіркеу бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және АХҚО қор биржасының орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) жүзеге асырылады.»;

21-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) сыртқы бағалау («жасыл» облигация шығару арқылы қаржыландырылатын жоба бойынша) қорытынды.»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Субсидиялау шарты эмитент:

1) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган/АХҚО қор биржасы тіркеген облигациялар шығарылымының проспектісін;

2) қор биржасының/АХҚО қор биржасының эмитент облигацияларын биржаның ресми тізіміне (листинг) енгізу туралы хабарламасын;

3) эмитент пен орталық депозитарий немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарий арасында төлем агентінің қызметтерін көрсету шартының жасалғаны туралы хабарламаны;

4) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінен үзінді көшірмені немесе АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің есепке алу жүйесінен үзінді көшірмені немесе облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы есепті ұсынғаннан кейін жасалады.»;

29-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Эмитент субсидиялау шартын жасасқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, орталық депозитарийге/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіне және қор биржасына/АХҚО қор биржасына сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің мөлшері және орналастырылған облигациялар саны туралы мәліметтерді міндетті түрде қамтитын субсидиялау шартының жасалғаны туралы хабарлама жібереді.»;

30, 31, 32, 33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды орналастырған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, орталық депозитарийдің/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялардың жалпы саны туралы ақпаратты орналастырады.

31. Эмитент орталық депозитарийдің/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі қағидаларының жинағына сәйкес 6 (алты) айда бір рет не 12 (он екі) айда бір рет сыйақыны төлеу тізілімін бекіту күні орталық депозитарийдегі/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіндегі шотқа сыйақының толық сомасын аударады.

32. Орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі төлем агентінің қызметтерін көрсету шартында белгіленген мерзім ішінде облигация ұстаушылардың банк шоттарына ақша аударуды жүзеге асырады.

33. Орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі эмитент төлеген сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігін және негізгі қарызды (кестеде болса) облигация ұстаушылардың шоттарына аударғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, облигация ұстаушылардың өкіліне және қаржы агенттігіне (ҚААТЖ жүйесі арқылы):

1) ISINе облигациялары;

2) тізілімді тіркеген күнгі жағдай бойынша облигация ұстаушылардың шоттарындағы облигациялардың саны;

3) орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі облигация ұстаушылардың шоттарына аударған сыйақының жалпы сомасы;

4) орналастырылмаған облигациялардың саны/сомасы;

5) орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі эмитенттен алған сома туралы мәліметтерді қамтитын субсидиялау туралы есепті жібереді.

34. Қаржы агенттігі орталық депозитарийдің/АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің хабарламасы, ақпараты және анықтамасы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде субсидиялау бойынша бюджет қаражаты болған жағдайда облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін банктегі эмитенттің есеп айырысу шотына қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы субсидиялар сомасын аударуды жүзеге асырады.»;

37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Субсидияларды тоқтата тұру кезеңінде купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар бойынша сыйақы төлеу жүзеге асырылған жағдайда, Орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі төлем агентінің қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес облигация ұстаушыларға эмитент есебінен осы сыйақыны төлеу толық жүзеге асырылады.

38. Қаржы агенттігі осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 36-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген фактілерді анықтағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау туралы шешім қабылдайды және тиісті хатпен облигация ұстаушылардың өкілін, орталық депозитарийді, АХҚО қор биржасының орталық депозитарийін және эмитентті хабардар етеді.

Эмитент облигациялар бойынша купонды төлеу міндеттемелерін орындамаған жағдайда, эмитентке туындаған берешекті жабу үшін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішіндегі мерзім беріледі.»;

40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«40. Эмитентті субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хаттармен субсидиялау шартын бұзу күнін және бұзу себептерін көрсете отырып, эмитентке, облигация ұстаушылардың өкіліне және орталық депозитарийге, АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіне субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны жібереді.

Тоқтатылған жобалар қайта бастауға жатпайды.»;

45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«45. Қаржы агенттігі мониторинг шеңберінде:

1) эмитент, облигация ұстаушылардың өкілі ұсынған деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шартын жасасқан эмитенттің облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдалануын мониторингтеуді;

2) орталық депозитарий немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі ұсынатын деректердің негізінде эмитенттің төлем тәртібін мониторингтеуді;

3) жобаның және/немесе эмитенттің Бағдарламаның шарттарына сәйкестігін мониторингтеуді;

4) қамтамасыз етудің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады.»;

47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«47. Мониторингті жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі эмитенттен және/немесе облигация ұстаушылардың өкілінен мониторингтеу нысанасына қатысты, оның ішінде салықтық құпияны құрайтын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады, жоба іске асырылып жатқан жерге барып оның іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.

«Жасыл» облигациялар бойынша қаржылық қолдау қаражатының мақсатты пайдаланылуын мониторингтеу шеңберінде қаржы агенттігі провайдерлердің тәуелсіз бағалауы негізінде, егер шекті өлшемшарттарда мыналар:

1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндері;

2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлері;

3) қалдықтардың үлесін азайту/кәдеге жарату;

4) су тұтынуды төмендету;

5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестігі (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көзделген жағдайларда, эмитенттің көзделіп отырған «жасыл» жоба бойынша мәлімделген «жасыл» таксономияның шекті өлшемшарттарына қол жеткізуін тексереді.

Сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын эмитент ұсынады.

Жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң эмитент қаржы агенттігіне ұсынылатын көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізуге тиісті тәуелсіз бағалауды не энергия аудиттерін жүргізеді. Жоба бойынша эмитент мәлімдеген «жасыл» таксономияның шекті өлшемшарттарының кейіннен орындалуына сыртқы тексерулерді жобаның «жасыл» таксономияның шекті өлшемшарттарына сәйкестігі туралы бастапқы қорытындыны берген бағалау провайдерлері жүргізуі мүмкін.

«Жасыл» таксономияны қолдану Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8.

Жобаның мақсаты

«Жасыл» облигацияға қатысты:

«жасыл» жоба жататын «жасыл» таксономия санаты/санаттары


 


 

»;

реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

11.

Эмитенттің бір облигация шығарылымының жалпы номиналды құны 7 млрд. теңгеден аспауға тиіс (асады/аспайды)

«Жасыл» облигацияға қатысты:

эмитенттің бір облигация шығарылымының жалпы номиналды сомасы 7 млрд. теңгеден аспауға тиіс (асады/аспайды)

Мысалы: асады/аспайды


 

»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидаларында:

24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Мыналарды:

1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтыруға сомасы 100 млн. теңгеден аспайтын кредиттерден басқа);

2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер іске асыратын жобаларды (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

3) ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, өз жобаларын салалық шектеулерсіз іске асыратын және/немесе іске асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кепілдік беруге қатысушылар болып табылады.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Бағдарлама шеңберінде:

1) мүліктік кешен ретінде ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын сатып алуға бағытталған;

2) даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;

3) сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;

4) овердрафт түріндегі;

5) сомасы (өзінің қатысуын есепке алғанда) инвестициялық жобаны іске асыруға жеткіліксіз;

6) кредит алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлемдері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері бар кәсіпкерлердің кредиттері;

7) кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері мынадай қызмет түрлері бойынша іске асыратын жобалар бойынша: тұрғын ғимараттар құрылысы, оның ішінде жеке тұрғын үйлер (ЭҚЖЖ 41.20.1); Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары үшін 1-санаттағы стационарлық сауда объектілерін салу (ЭҚЖЖ 41.20.3); көппәтерлі және тұрғын үйлерді (жекежайларды) сатып алу және сату (ЭҚЖЖ 68.10.1); басқа жылжымайтын мүлікті: көрме залдарын, қойма үй-жайларын сатып алуды және сатуды қоспағанда, басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату (ЭҚЖЖ 68.10.2), жекелеген кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ меншікті жылжымайтын мүлікті: тұрғын емес өндірістік ғимараттарды (үй-жайларды); көрме залдарын, конференц-залдарды, қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын, оның ішінде жеке меншік теміржол кірме жолдары, тіркелген кеден қоймалары, магистральдық құбыржолдардың және газ тарату жүйелерінің қажеттіліктері үшін сұйықтықтарды (мұнай өнімдерін) сақтау резервуарлары, жер учаскелері, технологиялық ресурстарды орналастыру мақсатында өндірістік үй-жайлардың шатырлары барларын жалға беруді және басқаруды қоспағанда, меншікті жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару (ЭҚЖЖ 68.20.1), жекелеген кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ жалға алынатын жылжымайтын мүлікті: тұрғын емес өндірістік ғимараттарды (үй-жайларды), көрме залдарын, конференц-залдарды, қойма үй-жайларын және қойма алаңдарын, оның ішінде жеке меншік теміржол кірме жолдары, тіркелген кеден қоймалары, сұйықтықтарды (мұнай өнімдерін) сақтау жөніндегі резервуарлары, жер учаскелері, технологиялық ресурстарды орналастыру мақсатында өндірістік үй-жайлардың шатырлары барларын қоспағанда, жалға алынатын жылжымайтын мүлікті (ЭҚЖЖ 68.20.2) жалға алу (қосалқы жалдау) және пайдалану; жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және олардың лизингі (ЭҚЖЖ 77.11), бұл шектеулер отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға және лизингке беруге қатысты емес;

8) ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының және лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған кредиттер кепілдік беруге жатпайды.»;

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидаларында:

5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру ломбардтардың, микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптау жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит/қаржыландыру беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне:

1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін немесе кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне деректерді береді;

2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама хат жібереді (деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда, хабарлама хат талап етілмейді).»;

мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

«26-1. Өтінім қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисі арқылы қаралған жағдайда, ЕДБ/МҚҰ кепілдік міндеттемені алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін кәсіпкерге кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың берілгені туралы сервис арқылы хабардар етеді»;

36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«36. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптау жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік субсидиялау шеңберінде кредит/микрокредит/қаржыландыру беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне:

1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін немесе кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне деректерді береді;

2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама хат жібереді (деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда, хабарлама хат талап етілмейді).».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                       А. Мамин

 

1-қосымша

2-қосымша

3-қосымша

4-қосымша

5-қосымша

6-қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу