Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы

Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі №301 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 196-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу жөніндегі шығыстарын өтеу қағидаларында:

5 - тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) кеңсе тауарларын сатып алуға, жиналған материалдардың көшірмелерін жасауға арналған, телефон байланысын, интернет пен пошта қызметтерін пайдаланғаны үшін шығыстарды қамтитын, алдын ала болуды жүзеге асыратын ұлттық алдын алу тетігінің әрбір қатысушысына екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі жүкқұжат шығыстары;»;

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: 

«4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инфекциялық аурулар туындаған, әкеліну және таралу қаупі төнген кезде Қазақстан Республикасының (тиісті аумақтың) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының шешімімен енгізілген шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде медициналық және зертханалық тексеруге, жеке қорғаныш құралдарын (медициналық маскалар, бір рет қолданылатын қолғаптар, медициналық қорғаныш қалқаны, бір рет қолданылатын қорғаныш халаты немесе комбинезон) сатып алуға арналған алдын ала болуды жүзеге асырған ұлттық алдын алу тетігінің әрбір қатысушысына бес айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі шығыстар.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                               А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу