Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы «21» шілдедегі № 441 қаулысы

Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы

 

2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берiлiп отырған шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесі бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі              Б. Сағынтаев

ҚР Үкіметінің 2018жылғы 21 шілдедегі № 441 қаулысына қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу