Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «25» сәуірдегі № 296 қаулысы

Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар белгілеу және басым жобаларды іске асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар белгіленсін.

  2. Қоса беріліп отырған:

  3. «Рельс-арқалық зауытын салу» басым жобасын (өтініш беруші – «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары;

  4. «Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және қайта өңдеу» басым жобасын (өтініш беруші – «Bapy Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары;

  5. «Цемент зауытын салу» басым жобасын (өтініш беруші – «Көкше-Цемент» өндірістік бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары;

  6. «Рудный қаласында цемент зауытын салу» басым жобасын (өтініш беруші – «Рудный цемент зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары;

  7. «Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасын (өтініш беруші – «Шымкентцемент» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары;

  8. «Темір жолға арналған доңғалақтар өндірісі бойынша кешен салу» басым жобасын (өтініш беруші – «Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары;

  9. «Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары көмiртектi феррохром өндiрiсiн ұлғайту» басым жобасын (өтініш беруші – «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.

  10. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                 К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу