Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №790 Қаулысы

«Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1083-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 
2. Осы қаулы  алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен  соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                 А. Мамин

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу