Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы №20 Қаулысы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша өкілеттіктер беру туралы  


«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.    Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік әріптес ретінде білдіруге өкілеттік берілсін.
2.    Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


 Қазақстан Республикасының
                   Премьер-Министрі                                                    Б. Сағынтаев


 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу