03 Қазан 2019, 12:22
«Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы
№ 1210 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71,
643-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5 |
Сауда қызметі |
Қазақстан Республикасының Сауда жəне интеграция министрлігі |
»;
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
14 |
Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет |
Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі |
»;
реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
17 |
Байланыс қызметі |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу