27 Сәуір 2017, 09:39
«Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 201 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 201 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға арналған тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:
«
5 | «Қалбатау –Майқапшағай» 906-1321 км республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау | 159069200 | 2017 – 2041 |
135208800 мың теңге, 434,5 млн. АҚШ долларына дейін балама |
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы | Қытайдың экспорт-импорт банкі |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу