Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №720 Қаулысы

Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 109 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 4, 29-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 мамырдағы № 800 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 247-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі            К.МӘСІМОВ

Қағида

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу