Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 528 қаулысы

Жарияланды: Дүйсенбі, 27 Тамыз 2018

«Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2011 ж., № 57, 818-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«1. Осы Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы»
2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен мәмілеге қатысушы арасында Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасу тәртібін айқындайды.»;

3-тармақтың бірінші бөлігінде:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мәмілеге қатысушы Комитетке мыналарды:»;

5) тармақша алып тасталсын;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Комитет мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға арналған өтінішін мәмілеге қатысушыдан көрсетілген өтінішті алған күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде қарайды.

Комитет Келісімді жасасу туралы оң шешім қабылдаған жағдайда шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Комитеттің төрағасы немесе Комитет төрағасының міндеттерін орындау жүктелген лауазымды адам қол қойған Келісімді мәмілеге қатысушының атына жолдайды, ол қол қойылған күнінен бастап үш жылдан аспайтын мерзім ішінде қолданылады.

Комитеттің төрағасы немесе Комитет төрағасының міндеттерін орындау жүктелген лауазымды адам Келісімге қол қойғаннан кейін мәмілеге қатысушы Келісімге қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны Комитетке жібереді.

Келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда Комитет мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға арналған өтінішін қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Келісім жасасудан бас тартудың себептерімен мәмілеге қатысушыға жазбаша жауап жібереді.»;

6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Комитет мәмілеге қатысушыға мынадай жағдайларда Келісім жасасудан бас тартады:»;

7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Қажет болған кезде Комитет жасалынатын Келісімге қатысы бар құжаттарды (ақпаратты) мынадай субъектілерден:»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Комитеттің және мәмілеге қатысушының өзара келісімі бойынша Келісім көзделген қолданылу мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін, бұл ретте Келісімнің шарттары бұзылған сәтке дейін өз күшін сақтайды.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                          Б. Сағынтаев


Жаңалықтар тізбегі
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 17:02
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Қазан 2020, 13:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 13.10.2020
13 Қазан 2020, 13:14
Болжамды нақтылаудың негізгі міндеті дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және СOVID-19 бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды — Ә. Смайылов
13 Қазан 2020, 13:01
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 16,6%-ға өсті — Б. Атамқұлов
13 Қазан 2020, 11:35
Мемлекеттік бюджет шығыстары 99,5%-ға атқарылды — Қаржы министрлігі
13 Қазан 2020, 11:13
Ұлттық банк қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін іске қосты
13 Қазан 2020, 10:22
Биыл 9 айда Қазақстанда денсаулық сақтауға салынған инвестиция 85,7%-ға артты — ҚР ҰЭМ
13 Қазан 2020, 09:49
Биылғы қыркүйекте нақты сектордың өсуімен қатар қызмет көрсету саласында белсенділік қалпына келе бастады — А. Мамин
12 Қазан 2020, 17:03
Өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу — Ю. Ильин ТЖМ жұмысы туралы айтып берді
12 Қазан 2020, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №648 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №647 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №643 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:34
А. Маминнің Әбу-Даби қаласына сапары: ҚР мен БАӘ $6,1 млрд құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыруға келісті 
12 Қазан 2020, 12:44
13 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2020, 18:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №81
09 Қазан 2020, 19:23
Заңға енгізілген түзетулер, электронды әмиянға әлеуметтік төлемдер және зейнетақы жинақтарын пайдалану — Еңбек министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын қалай жүзеге асыруда
09 Қазан 2020, 16:57
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайту бастамасын көтерді 
08 Қазан 2020, 19:06
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресейдің ірі компанияларының басшылығымен бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
08 Қазан 2020, 18:44
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады
08 Қазан 2020, 18:42
Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады
08 Қазан 2020, 17:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №638 Қаулысы
08 Қазан 2020, 15:57
Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынына қатысты
08 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №641 Қаулысы
08 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №633 Қаулысы
08 Қазан 2020, 10:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №636 Қаулысы
07 Қазан 2020, 23:04
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен келіссөз жүргізді
07 Қазан 2020, 16:10
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық жөнінде кеңес өткізді
07 Қазан 2020, 14:11
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөйлеген сөзі
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.