Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы №38 Қаулысы

Жарияланды: Жұма, 28 Қаңтар 2011

Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасын бекіту туралы

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 28) тармақ­шасына сәйкес Қазақстан Республи­касының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Рес­публикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жариялан­ғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011жылғы 29 қаңтардағы №38 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Рес­публикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттің басым құқығы тәртібімен пайдалы қазбаларды сатып алуды құзыретті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі көмірсутек шикізатын сатып алу жөніндегі құзыретті орган болып табылады.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі кең таралған пайдалы қазбаларды және көмірсутек шикізатын қоспағанда, пайдалы қазбаларды сатып алу жөніндегі құзыретті орган болып табылады.
3. Осы Қағидада қолданылатын ұғымдар Заңда аңықталған мағынаға ие болады.
2. Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру тәртібі
4. Стратегиялық минералдық шикізаттың белгілі бір түріне ішкі нарықтың қажеттіліктерін жабу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті орган жүзеге асыратын мониторинг нәтижелері бойынша, сондай-ақ төтенше сипаттағы өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі басым құқық тәртібімен пайдалы қазбаларды сатып алу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
5. Мемлекеттің басым құқығы тәртібімен сатып алу туралы шешімнің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен пайдалы қазба түріне байланысты тиісті құзыретті орган әзірлейді және ол бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге жатады.
6. Пайдалы қазбаларды мемлекеттің басым құқығы тәртібімен сатып алу туралы шешім негізінде құзыретті орган жер қойнауын пай­даланушыны мұндай ниеті туралы сатып алудың болжанатын күнінен кемінде он бес жұмыс күні бұрын жазбаша хабардар етеді. Жер қойнауын пайдаланушының жазбаша хабар­ламасы мы­наларды: пайдалы қазбаның түрін, оның мөлшерін, шамамен сатып алу мерзімін қамтуы тиіс.
7. Сатып алынатын пайдалы қазбалардың шекті көлемі және төлем түрі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленеді. Бұрын жасалған келісімшарттар бойынша шекті көлемі көзделмеген сатып алынатын пайдалы қазбалардың мұндай көлемін, сондай-ақ сатып алудың өзге де шарттарын жер қойнауын пайдаланушымен келісім бойынша құзыретті орган белгілейді.
8. Хабарламаны алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пай­даланушы мен құзыретті орган келіссөздер арқылы сатып алынатын пайдалы қазбалардың бағасын, жеткізу шарттарын және оларды төлеу тәртібін келіседі.
9. Сатып алынатын пайдалы қазбалардың бағасы көліктік шығыстарды және өткізуге арналған шығындарды шегере отырып, мәмілені жасау күніне қалыптасқан, жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға мәміле жасасу кезінде қолданатын бағадан аспауы тиіс.
Жер қойнауын пайдаланушылардың мәмі­лелер жасасқан кезде қолданылатын пайдалы қазбалардың бағасы туралы ақпараты болмаған жағдайда мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуы жөніндегі мәмілені жасасу күніне әлемдік нарықта қалыптасқан бағадан аспайтын баға қолданылады.
10. Пайдалы қазбаларды сатып алу шарт­тарын келіскеннен кейін құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушымен пайдалы қазбаларды сатып алу туралы шарт жасасады.
11. Сатып алынған пайдалы қазбалар үшін төлем мерзімі пайдалы қазбаларды жеткізу күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.
12. Пайдалы қазбаларды сатып алу туралы шарт мыналарды:
1) жер қойнауын пайдаланушы жеке тұлғаның аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың деректемелері;
3) сатып алынатын пайдалы қазбалардың мөлшері;
4) пайдалы қазбаларды жеткізу орны мен мерзімі;
5) ақы төлеу тәртібі және мерзімі;
6) жеткізу көлігінің түрі;
7) пайдалы қазбаны алушыны қамтуы тиіс.


Жаңалықтар тізбегі
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.