Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 шілдедегі №837  Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2014 жылғы 12 ақпандағы № 80 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесінбекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы18 ақпандағы № 183 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 73-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса берiлiп отырған Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесі бекiтiлсiн.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесі»;

1 және 1-1-тармақтармынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiмберу, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдаушараларын ұсыну ережесі (бұдан әрi – Ереже) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтардыдамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына жәнеҚазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлендi, ауылдық елдi мекендерге жұмысiстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына (бұдан әрі – мамандар) бюджет қаражаты есебіненкөтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит түрiнде әлеуметтiк қолдаушараларын ұсыну шарттары мен тәртiбiн айқындайды.

1-1. Осы Ереженің мақсаты үшiн мамандар деп қалаларда және өзге де елдi мекендерде тұрып жатқан және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеуге және тұруға тiлек бiлдiрген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және ветеринариямамандықтары бойынша жоғары және жоғарыдан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, ортадан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түлектерi, сондай-ақ көрсетілген білімі бар мамандар түсiнiледi.»;

1-2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарының тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн оларға кейіннен теңгемен 15 (он бес) жыл мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегi сыйақы ставкасы бойынша бере отырып кредиттiк шарттар жасасу арқылы берiледi;»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органы (мәслихат), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi мәлiмдеген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, жыл сайын мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы шешiм қабылдайды.»;

5-тармақтыңбірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт жәнеагроөнеркәсіптік кешен мамандары үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беру сенiм бiлдiрiлгенөкiлмен (агентпен) шарт болған жағдайда жүзеге асырылады.»;

«Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша операциялық қызметтеріне арналған шығындарды өтеу үшiн қаражат жалпы сипаттағы трансферттер және жергілікті бюджет шеңберінде көзделедi.»;

6-тармақтың 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;

көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:

«Ауылдық елді мекендерге жұмысістеу және тұру үшін келгенденсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру,мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдаушараларын ұсыну ережесіне 1-қосымша» деген сөздер «Ауылдық елді мекендерге жұмысістеу және тұру үшін келгенденсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру,мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдаушараларын ұсыну ережесіне 1-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:

«Ауылдық елді мекендерге жұмысістеу және тұру үшін келгенденсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру,мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдаушараларын ұсыну ережесіне 2-қосымша» деген сөздер «Ауылдық елді мекендерге жұмысістеу және тұру үшін келгенденсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру,мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдаушараларын ұсыну ережесіне 2-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру,әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiкқолдау шараларын ұсыну туралы үлгi келiсiм»;

«Келiсiмнiң нысанасы» деген 1-бөлімнің 2-тармағымынадай редакцияда жазылсын:

«2. Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде ___________ауылдық елдi мекенiндеорналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет,спорт, агроөнеркәсіптік кешен) ұйымында кемiнде бес жыл қызмет iстеуге мiндеттеме қабылдайды.»;

2) «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы  12 ақпандағы № 80 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №5,54-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiкқолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiкқолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты»;

1-тармақмынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).»;

7-тармақмынадай редакцияда жазылсын:

«7. Мемлекеттік қызмет ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.»;

көрсетілген стандартқа 1-қосымшада:

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринариямамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша» деген сөздер «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы үлгi келiсiм»;

«Келiсiмнiң нысанасы» деген 1-бөлімнің 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде ___________ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен) ұйымында кемiнде бес жыл қызмет iстеуге мiндеттеме қабылдайды;»;

көрсетілгенстандартқа 2-қосымшада:

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринариямамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша» деген сөздер «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  2-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу