Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 540 қаулысы

Опубликовано: Сәрсенбі, 29 Тамыз 2018

«Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 62-63, 370-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жіберуші мемлекеттік орган – мемлекеттік қызметшіні Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жұмысқа іссапарға бару тәртібімен жіберетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

2) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыртқы саясат саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы;

3) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының инвестициялық саясат саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы;

4) сауда саясаты жөніндегі уәкілетті орган – сауда қызметін реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы;

5) іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметші – Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға бару тәртібімен жұмысқа жіберілген мемлекеттік қызметші;

6) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің инвестицияларды тарту мәселелері жөніндегі кеңесшісі – инвестицияларды тарту бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға жіберілген инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік қызметшісі, сондай-ақ саяси мемлекеттік қызметші;

7) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің сауда саясаты мәселелері жөніндегі кеңесшісі – сауданы дамыту бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға жіберілген сауданы дамыту жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік қызметшісі, сондай-ақ саяси мемлекеттік қызметші.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Осы Қағидалардың 10-тармағының 2)3)4)6) тармақшаларында көрсетілген талаптардан басқа, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің инвестицияларды тарту мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымына іссапарға баратын кандидат болып табылатын мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік компаниялар үшін бизнес жүргізуді оңайлату бойынша нақты шараларды, Қазақстан Республикасының инвестициялық, сауда, инновациялық саясат саласындағы заңнамаларын білуі қажет.

Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің инвестицияларды тарту мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымына кандидат болып табылатын мемлекеттік қызметшіні анықтаған кезде мемлекеттік, квазимемлекеттік, коммерциялық немесе қаржылық құрылымдарда қаржы-экономикалық қатынастар саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің болуы ескерілуі мүмкін.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінің инвестицияларды тарту мәселелері жөніндегі кеңесшілерінің, сондай-ақ сауда саясаты мәселелері жөніндегі кеңесшілердің, олардың қол жеткізген жетістіктерін талдау, олардың есеп беру тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі және сауда саясаты жөніндегі органдардың бұйрықтарымен айқындалады.»;

мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

«12-1. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің инвестицияларды тарту мәселелері жөніндегі кеңесші, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің сауда саясаты мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымына кандидат болып табылатын мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға жіберілген жағдайда жіберуші мемлекеттік орган кандидаттыкелісу қажеттілігі туралы хатты тиісінше инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға не сауда саясаты жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган және сауда саясаты жөніндегі уәкілетті орган жіберуші мемлекеттік органның хатын алған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде кандидатпен әңгімелесу жүргізеді және оның Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне тиісінше инвестицияларды тарту мәселелері жөніндегі кеңесші немесе сауда саясаты мәселелері жөніндегі кеңесші лауазымына іссапарға баруын келісу не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы жіберуші мемлекеттік органға шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде жазбаша хабарлайды.

Егер жіберуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган немесе сауда саясаты жөніндегі уәкілетті орган болып табылса, олардың Қағидалардың осы тармағында ескерілген іс-әрекеттерді жүзеге асыруы талап етілмейді.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Жіберуші мемлекеттік орган уәкілетті органға осы Қағидалардың
10-тармағында белгіленген тиісті талаптарға сәйкес келетін, осы Қағидалардың 10-тармағының 2), 3), 4), 6) тармақшаларында және 11-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің инвестицияларды тарту мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымына кандидат болып табылатын мемлекеттік қызметшінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға баруы туралы ұсыныспен негізделген хатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға жіберу ұсынылатын кандидатқа қатысты мынадай құжаттарды ұсынады:

1) лауазымға ұсыныс;

2) өмірбаян;

3) қызметтік тізім;

4) мемлекеттік қызметшінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға баруға жазбаша келісімі;

5) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің инвестицияларды тарту мәселелері жөніндегі кеңесшісі не Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің сауда саясаты мәселелері жөніндегі кеңесшісі іссапарға барған жағдайда инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның немесе сауда саясаты жөніндегі уәкілетті органның келісім-хаты.».

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Мемлекеттік қызметшінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға баруы туралы ұсыныс келісілген жағдайда жіберуші мемлекеттік орган үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ уәкілетті орган хатының көшірмесін қоса бере отырып, мемлекеттік қызметшінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға баруы туралы ұсынысымен хат жолдайды.

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызметшісін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға жіберуін келіскен жағдайда Қағидалардың осы тармағында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыру талап етілмейді.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                        Б. Сағынтаев


Жаңалықтар тізбегі
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.