Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі №430 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 423 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 264-құжат);

2) «Отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 423 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 1429 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 8, 10-құжат);

3) «Отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 423 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 649 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 51, 693-құжат).

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi                                         К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу