Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 мамырдағы №353 Қаулысы

«Суасты құбыржолдары мен кәбiлдерiн салу, тарту және пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 22 қыркүйектегi № 901 қаулысының  күшi жойылды деп тану туралы

 Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Суасты құбыржолдары мен кәбiлдерiн салу, тарту және пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 22 қыркүйектегi № 901 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 35, 386-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                                           А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу