Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы №54 Қаулысы

Опубликовано: Дүйсенбі, 31 Қаңтар 2011

Электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi жұмысымен қадамдастыру қағидасын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 57) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi жұмысымен қадамдастыру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі         К.МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 54 қаулысымен  бекітілген
Электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi жұмысымен қадамдастыру  қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық сатып алу жүйесінің жұмыстарын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен қадамдастыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер мен оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен жер қойнауын пайдаланушы пайдаланатын Интернет желісінің қазақстандық сегмент желісінде орналасқан электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын қадамдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағида:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндiру жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға;
2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға;
3) акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызын тiкелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетiн жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға;
4) тек жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін пайдаланылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты болмайды.
3. Осы Қағидада Заңда белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өтініш беруші – электрондық сатып алу жүйесінің иесі және (немесе) меншік иесі болып табылатын және электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тізілімімен (бұдан әрі – Тізілім) ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыруға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;
2) сервис – белгілі бір қисынды іске асыратын және электрондық хабар беруге негізделген интерфейстер арқылы желілік өзара іс-қимыл үшін қол жетімді операциялар жиынтығы;
3) уәкілетті орган – индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган.
4. Электрондық сатып алу жүйесінің жұмыстарын Тізілім жұмысымен қадамдастыру (бұдан әрі – қадамдастыру) деп электрондық сатып алу жүйелерінен ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы сатып алуды жүргізу туралы хабарламаларды, конкурстық өтінімдерді ашу хаттамаларын, конкурсқа қатысуға рұқсат, қорытындылауды Тізілімге беру түсініледі.
5. Электрондық сатып алу жүйелерінің Тізіліммен ақпараттық өзара іс-қимылын өнеркәсіптік пайдалануға беруді мұнай және газ, ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік органдармен бірге жүргізілген қабылдау сынақтарының оң нәтижесі негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Электрондық сатып алу жүйелерін Тізіліммен ақпараттық өзара іс-қимылды өнеркәсіптік пайдалануға беру бойынша іс-шараларды жүргізу үшін уәкілетті орган құрамына уәкілетті органның мұнай және газ бен ақпараттандыру саласындағы және уәкілетті органдардың өкілдері кіретін жұмыс тобын құрады.
2. Ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру тәртібі
7. Ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыруға өтінім беру және қарау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
өтінім беруші осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға электронды сатып алу жүйесінің жұмыс істеуі үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың тізбесін, олардың техникалық сипаттамаларын көрсете отырып өтінім береді;
уәкілетті орган өтінімдерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінімдердің және өтінімге қоса берілетін құжаттардың осы Қағидада белгіленген нысан мен жинақтыққа қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
өтінім сәйкес келмеген жағдайда, өтінім берушіге қайтару себептері көрсетіліп, жоғарыда көрсетілген мерзімі ішінде қайтарылады.
өтінімдер мен қоса берілген құжаттар осы Қағидада белгіленген нысан мен жинақтыққа қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган өтінімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінім берушіге тиісті хабарламаны жібереді.
8. Тиісті хабарламаның негізінде өтінім беруші уәкілетті органмен бірлесіп ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру бойынша өзіне Тізілімінің жағында және электрондық сатып алу жүйесі жағында тиісті сервистерді әзірлеу және жариялауды қосатын жұмыстарды жүргізеді. Тізілімімен электрондық сатып алу жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін уәкілетті орган кеңесшілері және (немесе) сарапшылары ретінде басқа ұйымдарды тарта алады.
9. Ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру жөніндегі шығыстарды ақпараттық іс-қимылды іске асыруға бастамашы болған өтінім беруші және (немесе) өтінім берушінің электрондық сатып алу жүйесін пайдаланатын тапсырыс беруші төлейді.
10. Ақпараттық өзара іс-қимыл үдерісінде мынадай ақпарат (бұдан әрі – ақпарат) Тізілімге міндетті түрде беруге жатады:
1) сатып алуды жүргізу туралы хабарландырулар;
2) конкурстық өтінімдерді ашу хаттамалары;
3) конкурсқа қатысуға рұқсаттама хаттамалары;
4) қорытындыларын шығару хаттамалары.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу тәртібіне (бұдан әрі – Тізілім арқылы тауарларды, жұмыстарды мен қызметтерді сатып алу тәртібі) сәйкес нысан бойынша және мерзімде ақпарат жіберіледі.
11. Ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру үшін, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісілетін осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген ақпаратқа қол жеткізу және беру қағидасын уәкілетті орган бекітеді.
12. Уәкілетті орган өтінім берушімен бірлесіп ақпараттық өзара іс-қимылды өнеркәсіптік пайдалануға енгізгенге дейін мынадай іс-шараларды өткізеді:
уәкілетті ұйымның стендінде ақпараттық өзара іс-қимыл сынақтарын жүргізу;
ақпараттық өзара іс-қимылдың тәжірибелік пайдалануын он жұмыс күні ішінде жүргізу;
ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде әзірленген сервистерді пысықтау қажеттілігі кезінде тәжірибелік пайдалану нәтижелеріне талдау жүргізу;
өнеркәсіптік режимде қосылатын сервиске ақпараттық сауалдардың қарқындылығын бағалау, жүктемелік тестілеу;
ақпараттық өзара іс-қимылға алдын ала сынақтар жүргізу.
13. Ақпараттық өзара іс-қимылды өнеркәсіптік пайдалануға енгізу үшін мынадай іс-шаралар өткізіледі:
ақпараттық өзара іс-қимылға алдын ала сынақтардың оң нәтижелері болған жағдайда уәкілетті орган алдын ала сынақтар жүргізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс тобын шақырады және ақпараттық өзара іс-қимылға қабылдау сынағын өткізеді. Қабылдау сынақтарының нәтижелері хаттама түрінде ресімделеді. Хаттама үш данада жасалады (уәкілетті орган, жұмыс тобы мен өтініш беруші үшін бір-бірден).
қабылдау сынақтарының оң нәтижелері болған жағдайда уәкілетті орган қабылдау сынақтары жүргізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпараттық өзара іс-қимылды өнеркәсіптік пайдалануға беру туралы акт жасайды. Акт екі данада жасалады (уәкілетті орган мен өтініш беруші үшін бір-бірден).
14. Ақпараттық өзара іс-қимыл өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгеннен кейін өтінім беруші ақпараттық өзара іс-қимылдың жұмыс істеу шарттарының өзгермеуін қамтамасыз етеді.
15. Тізілім арқылы тауарларды, жұмыстарды мен қызметтерді сатып алу тәртібіне беру мерзіміне және ақпараттық берілетін құрамына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізетін жағдайда, уәкілетті орган ақпаратқа қол жеткізу және беру қағидаларына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Ақпаратқа қол жеткізу және беру қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда ақпараттық өзара іс-қимыл осы Қағидада белгіленген рәсімдерді қайта өткізгеннен кейін және өтініш беруші қабылдау сынақтары қорытындыларының хаттамасын алғаннан кейін қайта басталады.
16. Егер осы Қағиданың 15-тармағында көзделген өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда ақпараттық өзара іс-қимыл қайта басталатын күнге дейін жер қойнауын пайдаланушылар, жер қойнауын пайдаланушылардың уәкілетті тұлғалары, сондай-ақ олардың мердігерлері жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Тізілімді міндетті түрде пайдаланумен жүзеге асырады.
17. Тізілім және жұмысы Тізілім жұмысымен қадамдастырылған, Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналасқан электрондық сатып алудың өзге жүйелері осы Қағиданың 16-тармағында көзделген өзгерістер және (немесе) толықтырулар күшіне енгенге дейін қолданыстағы Тізілім арқылы тауарларды, жұмыстарды мен қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес жарияланған сатып алу аяқталғанға дейін осы Қағиданың 15-тармағында көзделген өзгерістер және (немесе) толықтырулар күшіне енгенге дейін қолданыстағы ақпараттық өзара іс-қимылдың өзгермеуін қамтамасыз етуі тиіс.
Электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi жұмысымен қадамдастыру қағидасына қосымша
Кімге__________________________________
(уәкілетті органның атауы)
Ж ер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі бар электрондық сатып алу жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимылын іске асыруға
ӨТІНІМ
________________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы, өтінім берушінің Т.А.Ә.)
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі бар
__________________________________________________________________________
(электрондық сатып алу жүйесінің атауы)
ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыруға дайындығы туралы мәлімдейді.
1. Электрондық сатып алу жүйесіне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің, және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес мыналарды пайдаланады:
__________________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің (лердің) атауы және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың деректемелері)
2. Электрондық сатып алу жүйесі жөніндегі құжаттама __ парақта қоса беріледі.
3. ________________________________________________________________________
(өтінім берушінің атауы, өтінім берушінің Т.А.Ә.)
қажет құжаттарды беруге және ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру жөніндегі жұмысты жүргізуге дайын.
____________________________
(қолы)
М.О.
20___ ж. «__» ________

 


Жаңалықтар тізбегі
11 Тамыз 2020, 09:53
Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120%-ға орындалды — Е. Жамаубаев
11 Тамыз 2020, 09:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мемлекеттік комиссияның қарауына Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды
11 Тамыз 2020, 09:33
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті — ҚР ҰЭМ
10 Тамыз 2020, 11:20
11 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Тамыз 2020, 08:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.