31 Наурыз 2017, 13:49
«Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 76-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізiледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу