Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31шілдедегі № 551 Қаулысы

Мемлекеттік фильмдер қорының кейбір мәселелері туралы


«Кинематография туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі фильмдерді сақтауды жүзеге асыратын Мемлекеттiк фильмдер қоры болып айқындалсын. 
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
3-бөлімде:
«Штат санының лимиті» деген бағанда:
8) тармақшада «141» деген сандар «140» деген сандармен ауыстырылсын; 
17) тармақшада «27» деген сандар «28» деген сандармен ауыстырылсын. 
4. «Фильмдердің мемлекеттік қорын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 82 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 342-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                                              А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу