Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі №559 Қаулысы

Жарияланды: Сәрсенбі, 27 Қараша 2019

«Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2016 жылғы 11 наурыздағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,            2016 ж., № 18, 92-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламада: 
3-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қызмет көрсетуді жеткізушілер – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған азаматтық авиация ұйымдары (азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға);»;
мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекетің әуе кемесімен болған авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 505 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15597 болып тіркелген Азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес міндетті түрде тергеп-тексерілуі тиіс.»;
20-тармақтың 1)  тармақшасы  мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұрақты қадағалау және уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторларының қадағалау мәселелері жөніндегі лауазымды адамдармен өзара іс-қимылы негізінде пайдаланудағы сәйкессіздіктерді анықтау;»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
 «21. Қызмет көрсетуді жеткізушінің қызметін тұрақты қадағалау сертификаттау жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі және халыққа қауіпсіз әрі сенімді коммерциялық авиакөлік тасымалын ұсыну мақсатында талап етілетін пайдалану нормаларының сақталуына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган және уәкілетті ұйым жауапкершілігінің маңызды элементі болып табылады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Талап етілетін қадағалау шаралары және оларға байланысты инспекциялық тексерулерді уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторлары жүргізеді.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Уәкілетті ұйым осы Бағдарламаның негізінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында авиациялық қызметте кездесетін ұшу қауіпсіздігінің қауіп факторларын бақылау үшін қызмет көрсетуді жеткізушілерді реттеу, қадағалау және бақылау бойынша жұмыстар жүргізеді. Ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару қауіпті факторларды анықтауды, ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекелді бағалауды және оларды азайту бойынша тиісті шараларды жүзеге асыруды қамтиды.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Қызмет көрсетуді жеткізушілер әзірленген ҰҚБЖ-ны уәкілетті ұйыммен келіседі.»;
37-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Азаматтық, эксперименттік авиацияның қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қатысуымен мынадай іс-шараларды орындау арқылы жүзеге асырады:»;
38, 39, 40, 41, 42, 43, 44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Уәкілетті  ұйым барлық функционалдық салаларда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде олардың ұлттық қағидаларды, рәсімдер мен практиканы сақтауын бақылау мақсатында қызмет көрсетуді жеткізушілерді қадағалау бағдарламасын және инспекторлық құрам үшін нұсқамалық материалдарды әзірлейді.
39. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалауды тиімді жүзеге асыру үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым білімі мен арнайы (техникалық) даярлығының (біліктілігінің) деңгейі бойынша қызмет көрсетуді жеткізушінің инспекцияланатын персоналынан төмен болмауы тиіс даярлықтан өткен персоналмен жасақталады.
40. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті ұйымның инспекторлық құрамының өкілеттігі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің және ИКАО стандарттарының ережелерімен және талаптарымен қамтамасыз етіледі.
41. Ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті ұйым пайдаланушы немесе азаматтық авиация ұйымы анықталған бұзушылықтарды жойған кезге дейін сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті) қайтарып алу немесе оны толық немесе ішінара шектеу немесе қолданысын тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдайды.
42. Қызмет көрсетуді жеткізушілер инспекторлық тексеру кезінде уәкілетті ұйымның инспекторлық құрамының қызметкерлердің жеке істеріне, әуе кемелеріне, құралдар мен қызметтерге, сондай-ақ тиісті есепке алу құжаттамасына қол жеткізуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді және олардың міндеттерін орындауына жәрдемдеседі.
43. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі нақты немесе әлеуетті кемшіліктер туралы ақпаратты жинауға жәрдемдесу мақсатында уәкілетті орган азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен бірлесіп, Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияның әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді (хабарламаларды) міндетті ұсыну жүйесін әзірлейді.
Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны, ол туралы мәліметті қасақана жасырғаны, сондай-ақ ақпаратты бұрмалағаны үшін кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа тартылады.
44. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі нақты немесе әлеуетті кемшіліктер туралы ақпаратты жинауға жәрдемдесу мақсатында уәкілетті орган уәкілетті ұйыммен бірлесіп оқыс оқиғалар туралы деректерді (хабарламаларды) ерікті ұсыну жүйесін құрады, олар оқыс оқиғалар туралы деректерді міндетті ұсыну жүйесі шеңберінде тіркелмеуі мүмкін. 
Оқыс оқиғалар туралы деректерді ерікті хабарлау жүйесі авиациялық оқыс оқиғалар туралы ақпаратпен ғана шектелмейді, сонымен қатар қауіпті факторлар, яғни оқыс оқиғаға әкеп соқтыруы мүмкін қауіпті жағдайлар туралы мәліметтерді жинауды да көздеуі тиіс.
Оқыс оқиғалар туралы деректерді (хабарламаларды) ерікті ұсыну жүйесі жаза қолдануға бағдарланбаған және ақпарат көздерін қорғауды көздеуі тиіс. Ерікті хабарлау кезінде жаза қолданудан бас тарту оқыс оқиғалар және қауіпті факторлар туралы деректерді ерікті хабарлау жүйесінің негіз қалаушы қағидаты болып табылады.
45. Уәкілетті орган уәкілетті ұйыммен бірлесіп, авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды мониторингілеу, бақылау және олардың алдын алу мақсатында ҰҚБЖ бойынша деректерді жинау мен талдаудың автоматтандырылған жүйесін әзірлейді және енгізеді.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Уәкілетті орган уәкілетті ұйыммен бірлесіп, авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы ұсынылған міндетті және ерікті хабарламаларды жинауды, есепке алуды және талдауды жүзеге асырады, сондай-ақ қауіпті факторларды есепке алуды жүргізеді. Міндетті тергеп-тексеруге жататын оқиғалар тізбесіне кіретін авиациялық оқиғаларға қатысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оларды тергеп-тексеруді ұйымдастырады, ал қауіпті факторларға қатысты оларды жою немесе олардың ықпал ету дәрежесін азайту жөніндегі профилактикалық іс-шараларды әзірлейді.»;
48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Уәкілетті ұйым уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі жай-күйінің тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық талдауын дайындайды және шығарады. Ұшу қауіпсіздігі жай-күйінің талдаулары қызмет көрсетуді жеткізушілерге жіберіледі.
49. Қызмет көрсетуді жеткізушілер ұшу қауіпсіздігі жай-күйінің тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық талдауларын жасайды. 
Қызмет көрсетуді жеткізушілер жасайтын ұшу қауіпсіздігі жай-күйінің талдаулары жинақтау және тұтастай азаматтық авиация бойынша ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру жөніндегі профилактикалық шараларды қабылдау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жіберіледі.»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Қызмет көрсетуді жеткізушілердің, оның ішінде шет мемлекеттердің әуе кемелерін пайдаланушылардың ҰҚБЖ-сында сәйкессіздіктер анықтаған кезде уәкілетті ұйым ұшу қауіпсіздігі тұрғысынан неғұрлым проблемалық немесе қауіптер, өндірістік қызметтер үшін олардың салдары туралы деректерді және ұшу қауіпсіздігі үшін қауіптерді бағалау нәтижелерін талдау арқылы анықталған қызмет көрсетуді жеткізушілердің қосымша тексеруді талап ететін қызмет салаларында кезектен тыс инспекциялық тексерулер мен зерттеп-қарауды жүргізеді.»;
51 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Уәкілетті ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларының негізінде авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстауды қамтамасыз етеді.
52. Уәкілетті ұйым ұшу қауіпсіздігін қадағалауға қатысатын өзінің персоналын сертификаттаған авиациялық оқу орындарында, сондай-ақ  ИКАО-ның оқу орталықтарында оқудан өткізеді.».
2.    Осы қаулы 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                                                                                                            А. Мамин

 


Жаңалықтар тізбегі
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.