31 Желтоқсан 2014, 16:12
Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 36-бабының 19-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптар бекітілсін.
2.Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу